freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Еуропадағы аптап ыстық 10 мыңнан астам адамның өмірін қиды

Әлем
Еуропадағы аптап ыстық 10 мыңнан астам адамның өмірін қиды
Фото: depositphotos.com / Фото автора Ale_Mi

Еуропадағы аптап ыстық салдарынан 10 мыңнан астам адам қайтыс болды. Бұл туралы Deutsche Welle Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) қолдауымен жұмыс істейтін EuroMOMO бағдарламасының деректеріне сілтеме жасап мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Зерттеушілер Еуропаның 27 еліндегі өлім-жітім көрсеткіштерін талдаған. Маусым айының соңында ең жоғары көрсеткіш Франция мен Бельгияда тіркелді.

Деректерге сәйкес, Германияда аптап ыстықтан шамамен 5100 адам, Ұлыбританияда 2700 адам көз жұмған.

Сонымен қатар Еуропаның 12 ірі қаласын қамтыған зерттеу Милан, Париж және Барселона тұрғындарының көбірек зардап шеккенін көрсетті. Бұл үш қалада 2300-ге жуық адам қайтыс болған.

Мәліметке сәйкес, қайтыс болғандардың 9 мыңнан астамы – 65 жастан асқан азаматтар.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу