Қарлығаш Жаманқұлова Facebook-тегі парақшасында «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының президенті өкілеттігін тоқтату туралы өтінішін қор құрылтайшыларының жиналысына жолдағанын хабарлады. Бұл туралы prokadrykz телеграм арнасына сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.
Сондай-ақ ол қордың құрылтайшылары құрамынан да шығатынын мәлімдеді.
Мұндай шешім қабылдауына Құрылтай сайлауына кандидат ретінде ұсынылуы себеп болған. Оның айтуынша, бұл ықтимал мүдделер қақтығысының алдын алу үшін қажет.
Қарлығаш Жаманқұлова қорды соңғы үш жыл бойы басқарды.
Қордың жаңа президенті жақын арада құрылтайшылардың шешімімен сайланады. Бұл туралы қосымша хабарланады.