Антикор биыл әкімдік қызметкерлері 203 қылмыс жасағанын айтты

Оған әкімдіктердің 144 қызметкерінің қатысы бар.

Берік Дәулетов

  • 16.07.2024

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жарты жылдық қорытындысы бойынша өткен алқа отырысында агенттік төрағасы Асхат Жұмағали өңірлердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс туралы айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлықпен күрес нәтижесінде биыл 144 әкімдік қызметкерінің қатысы бар 203 қылмыс тіркеген.

Мысалы, Алматыда Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары лауазымын теріс пайдалану, бюджет қаражатын жымқыру және заңсыз кәсіпкерлік қызмет бойынша тергеу аяқталған. Ол 125 млн теңгеден астам залал келтірген. Іс сотқа жіберілді.

Сондай-ақ Қызылорда облысында облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Ол өкілеттікті теріс пайдаланды деп айыпталып отыр. Оның ішінде кәсіпорындарға оқу ақысын төлеу және отын беру қажеттілігі туралы заңсыз нұсқаулар беру де бар. Күдікті қамауға алынып, іс прокурорға жіберілді.

Фото: azattyq-ruhy.kz

Байланысты жаналықтар

Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

18.05.2025

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

13.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

09.05.2025
MalimBlocks
Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті