Көлгіновке орыс тілінде ақпарат тарату маңызды

Malim Админ

  • 21.09.2020

Үкімет пен әкімдіктер коронавирус індетінде жұмыссыз қалған қазақстандықтарды жұмысқа орналасып жатқанын насихаттау үшін бюджеттің жүздеген миллион теңге шашып жатыр. Мәселен, Алтай Көлгінов басқаратын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы газет бетінде және интернет желісінде коронавируспен күрес кезінде "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасын іске асыру шараларын жариялау бойынша тендер жариялаған. Тендердің құны –58 035 714 теңге. Бірақ қызығы, 58 миллиондық тендерді тек орыстілді газеттерге арналған.

Нұр-Сұлтан қаласының ішкі істер басқамасы  үкіметтің жұмыссыздарға жұмыс тауып беріп жатқанын тек орыстілділер ғана білсін дейтін сияқты. Тендердің техникалық құжат ерекшелегінде коронавируспен күрес кезінде "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы қалай іске асып жатқаны жайлы материалар тек орыс тілінде жариялануы тиіс.

"Бұл қызметті көрсету шеңберінде жеткізуші тапсырыс берушінің келісімі бойынша апта сайын сапалы суреттермен ақпараттық және шолу материалдарын орыс тілде дайындап, жариялайды", – делінген техникалық ерекшелік құжатында.

Сонымен қатар ақпарат құралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің нормативтік-құққтық актілері мен қалалық мәслихат шешімдерін жариялайды.

Бұдан бөлек тендерді ұтып алушы 30 секундтан 10 минутқа дейінгі бейнематериалдарды Facebook, Instagram, Youtube әлеуметтік желілерінде  тапсырыс берушінің келісімі және сұрауы бойынша әзірлеп таратады. Бейнематериалдар да тек орыс тілінде болуы тиіс.

Осылайша А.Көлгінов басқаратын астана әкімдігі қазақтілді басылымдарды елемей, 58 миллионды орыстілді газетке бермек. Соған қарағанда, әкімдік үкіметтің халықты жұмыспен қалай қамтып жатқанын қазақтілді қауымның білгені керек емес деп есептейтіндей.

Байланысты жаналықтар

Нұр-Сұлтан әкімі инвестиция іздеп жүр

10.02.2021

2023 жылы астана толық газдандырылады

06.10.2021

Әкімдердің есебі: «Жағдай тұрақты, кезек жоқ»

28.07.2020

Көлгінов бұл жолы отставкаға кете ме?

14.05.2020

Мистика: Астаналықтар Көлгіновті таба алмай жүр

17.05.2020

«Көлгінов, өтірікті соқпа!»

09.07.2020
MalimBlocks
Нұр-Сұлтан әкімі инвестиция іздеп жүр

2023 жылы астана толық газдандырылады

Әкімдердің есебі: «Жағдай тұрақты, кезек жоқ»

Көлгінов бұл жолы отставкаға кете ме?

Мистика: Астаналықтар Көлгіновті таба алмай жүр

«Көлгінов, өтірікті соқпа!»