Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Slider

Әкім Әбдіқалықованың сіңілісі директор болып қалыпты

malim Авторы: malim
23.09.2020
Share on FacebookShare on Twitter

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВАНЫҢ туған сіңілісі Меруерт ӘБДІҚАЛЫҚОВА басшылық қызметте екен. Әпкесі 2020 жылдың көктемінде туған өңіріне облыс басшысы болып оралғанда Меруерт НАУШАНҚЫЗЫ қызметінен кеткен еді.

Меруерт Әбдіқалықова 2019 жылы Қызылорда қалалық білім бөліміне басшы болып тағайындалған. Бірақ бір жыл ғана шенеунік креслосында отырды. Әпкесі өңірге басшы болып келгенде сіңілісі мемлекеттік қызметтен өз еркімен кеткен-ді. Біраз уақыт экс-шенеуніктің қайда, қандай қызметке кеткені жұмбақ күйінде қалған. Әкімнің сіңілісі Сыр елінен алыстай қоймапты. Қазір Меруерт Әбдіқалықова Оқушылар сарайының директоры екен. Алайда, бұл мекеменің ресми сайтында директор Әбдіқалықова жайлы мүлдем ақпарат жоқ. Тіпті ғаламторда ол кісінің тағайындалуы туралы да мәлімет таба алмайсыз. Қалалық білім бөлімінің қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының фейсбуктегі парақшасында әкім сіңілісінің қайда қызмет етіп жүргенін білдік.

«Құрметті ұстаздар, ата-аналар, сүйікті шәкірттер! Баршаңызды күздің алғашқы күнімен бірге келіп жеткен білім күні мерекесімен құттықтаймын!  Мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған бүлдіршіндеріміздің білім әлеміне басқан қадамдары сәтті болсын. Баланы болашағымыз деп танитын халқымыз үшін бұл күннің орны ерекше, бұл- болашағымызға шуақ шашып, білім шырағын тұтатар айтулы күн.

Сапалы білім мен тәлімді тәрбие алу қашанда барлық игі істің бастауы болғандықтан биылғы оқу жылында да шәкірттерімізді ел игілігіне жұмсайтын терең білім алып, ата-ананың, ұстаздардың мақтанышы болуға шақырамын.

Жаңа оқу жылында әдеттегідей ұстаздарымыздың алдында да ұрпақ алдындағы үлкен жауапкершілік күтіп тұр, сындарлы кезеңдерден сүрінбей өтіп, оқу жылын толағай табыстармен аяқтауды тілеймін. Дені сау, білімді ұрпақ мемлекетіміздің басты байлығы, жарқын болашағы екенін әркез есте ұстап ата-ана мен бала және ұстаз үштігінің бірлігімен биік белестерді бағындыра берейік», – деп тілек білдірген білім күні Қызылорда қалалық білім бөлімінің қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры М. Әбдіқалықова.

Жалпы, Қызылорда облысы басшысы Гүлшара НАУШАНҚЫЗЫНЫҢ жеке өмірі, туған-туыстары жайлы көп айтылмайды. Мәселен, осы Қызылордадан шыққан Қырымбек КӨШЕРБАЕВ, Бердібек САПАРБАЕВ сынды шенділердің туған-туыстарының дәулеті, балаларының сәтті карьералары туралы мәліметтер ешкімге жасырын емес.

Меруерт Әбдіқалықова 1969 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Туған қаласындағы педагогикалық институттың филология факультетін аяқтаған. Еңбек жолын №23 мектепте қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2014 жылы №3 мектеп-лицейінің директоры болды. Білім саласына сіңірген еңбегі үшін көптеген алғыстармен, наградалармен марапатталған.2008 жылы «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» атанған. Қазақ тілі мамандарына арналған «Тілдер нормасы» әдістемелік нұсқаулығының авторы.

2013 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі берген «2013 жылдың Үздік педагогы» атағының иегері.

МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ. 

Tags: Әкімнің сіңілісіГүлшара Әбдіқалықованың сіңілісіҚызылорда облысыМеруерт Әбдіқалықова

Ұқсас жазбалар

Сурет интернеттен алынды

Қанат Әбілқайыр. Үй

Авторы: malim
18.04.2021
0

Таң азанда түсініксіз айқай-шудан шошып ояндым. Ояна салып аңғарғаным – көк түтін. Көк түтіннің ішінде, аңыраған анамның бауырында келеді екенмін...

Жұмағали Маханов пен Бекжан Тұрыс

Жұмағали Маханов: «Бекжанға таңғалам, Бақытжанмен сырласам»

Авторы: Бағашар Тұрсынбайұлы
17.04.2021
0

­«Алдыңғылардың әңгімесінде» қонақта Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М. Әуезов атындағы Мемлекеттік драма театрының актері Жұмағали  Махановпен сұхбаттасқан едік. Сахнаның қыр-сырын...

Есенғали Раушанов

Есенғали планета боп кеткен жоқ па осы…

Авторы: Бағашар Тұрсынбайұлы
16.04.2021
0

16.04.2021. Адам тірі кезінде түскен әдемі суреттері өлген соң неге мұңлы бола қалады екен... Бір кездері жарқылдаған көзқарасы да қош...

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

«Енді коронавирус жұқтырғандарға дәрі тегін беріледі»

10.08.2020

Әкім орынбасарының жұмбақ өліміне орнына таласқандар кінәлі ме?

23.06.2020

ASSYLTAS қоры жүздеген отбасыға көмек көрсетті

29.04.2020

Нұр-Сұлтаннан жүлдесіз қайтқан «Паразиттер» Оскар алды

10.02.2020
Амелия Эрхарт

Жоғалған ұшақтың жұмбағы. Аты аңызға айналған ұшқыш әйел Амелия Эрхарт туралы не білеміз?

12.04.2021
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!