Маған «Айек» деген атты Иманғали аға қойған еді

Malim Админ

  • 23.09.2020

Иманғали аға 1999 жылы Атырауға әкім болып келгенде бүкіл ел қуанды. Аз ғана уақыттың ішінде Атыраудың рухын көтеріп кетті. Құрылыстар қызып, жұмыстар күні - түні жүріп жатты.Бұл кез Атырау дәулеті мен сәулеті қатар өркендеген шақ болды. Сарайшық, Бейбарыс, Құрманғазы, Динаға керемет ескерткіштер қойылды. Музейлер жаңарып, ісі жанданып, елдер Музейге баратын жаңа үрдіс пайда болды. Жаңа мешіт бой көтерді. Әуелі бұл мешіт «Иман» деп аталған еді халықтың тілегімен. Сол кезде менің «Атырау» деген өлеңім «Атырау» газетіне шыққан еді, соның ішінде «Көңілі көктем, жүрегі таза, жаны игі, Алланың үйі мешітті асқақ таниды. Иман деп оны атағанменен бүгінде, Халықтың өзі қосар - ау ертең «ғалиды» деген жолдар бар еді. Менің өлеңімнің қатысы болды ма, жоқ па, білмеймін, кейін «Иманғали» мешіті атанды. Атыраулық композитор Болат Кохаманов екеуміздің Атырау қаласының Гимні атанып кеткен әніміз Иманғали ағамызға қатты ұнапты. Бұл әннің бағы жанған тұс сол уақыттар еді. Облыстық телевидение бұл әнге клип түсіріп, күн сайын эфирден айналдырып жатты. Бұл ән Атырауды сүйген жүректерді жылытқан еді.

2001 жылы Астанада Шабыттан Гран При алғаннан кейін ол кісінің қабылдауында болдым. Қалтамда су жаңа Жазушылар  Одағының мүшелік билеті. Сол кезде осы билетті алғанымызға бақытты болып, шексіз қуанып жүрген кезіміз ғой. «Аға, мен Жазушылар Одағының мүшелігіне өттім ғой, міне билетім» қуана көрсеттім. Ағам қуанып құттықтап жатыр. Билетте псевдоним деген жер болатын. «Не тілегің бар» дегенде, «маған псевдоним қойып беріңізші мына жерге жазып» дедім. Ол кісі үндемей ойланып отырды да, «Айек» деді. Түсінбей қалдым. Осындай да сөз бола ма екен?! Айек деген не?! «Айек» -, деді Имаш ағам, негізі- Әйек. Сен оның кім екенін білесің бе?» «Құдай сақтасын танымаймын» дедім. Ағам қабағын шытты. «Осы көп ақындар лирика төңірегінен шықпайды, тарихты, тарихи тұлғаларды жырлау керек. Айек - Бейбарыс сұлтанның шешесінің аты. Бейбарыс сияқты қалпақпен ұрса құламайтын өлеңдер жаз деп ырымдап қойып отырмын» деп, билетіме өз қолымен  «Айек» деп жазып берді. Мен қуаныштан мәз боп тұрмын. «Тағы қандай тілегің бар» дегенде, осы жарайды дегенім дұрыс болмады- ау деп ойладым кейін, елдің ақындары сұрап жатқан нәрселерді айту керек еді. Қаламым жорғалап, кітаптарымды «Айек »деген псевдониммен шығардым. Иманғали ағаның  берген  батасы қабыл болғандай. Соған қуанам.

Маржан Ершу

«Шығармашылық лаборатория» атты кітабынан үзінді.

Байланысты жаналықтар

Отшашудан сенің даусың естілмейді, естілмейді...

07.07.2020

Новая газета: Қазақстанға соғыс ашу өз-өзіңе қол жұмсаумен бірдей

18.12.2020

Соңғы спектакілін қоя алмай кетті

29.07.2021

«URKER-2021» Ұлттық бәйгесіне қатысу үшін өтінім қабылдау басталды

17.05.2021

Шыңғыс Мұқан Шымкент әкімінің орынбасары болды

29.07.2020

TiJi арнасындағы мультфильмдер қазақ тіліне аударылады

28.09.2021
MalimBlocks
Отшашудан сенің даусың естілмейді, естілмейді...

Новая газета: Қазақстанға соғыс ашу өз-өзіңе қол жұмсаумен бірдей

Соңғы спектакілін қоя алмай кетті

«URKER-2021» Ұлттық бәйгесіне қатысу үшін өтінім қабылдау басталды

Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтау үшін«URKER – 2021» Ұлттық бәйгесіне өтінімдер қабылдау басталды.

Шыңғыс Мұқан Шымкент әкімінің орынбасары болды

TiJi арнасындағы мультфильмдер қазақ тіліне аударылады

27 қыркүйекте "Рухани жаңғыру" қоғамдық даму институтында басқарма төрағасы Асылбек Есенбаевтың қатысуымен TiJi балалар телевизиялық арнасының өкілдерімен кездесуі өтті.