Балғынбек Имаш праймеризге неге қатыспайтынын айтты

  • 26.09.2020
  • Malim Админ

Соңғы кездері менен "Праймеризге неге қатыспайсыз?" деп сұрап жатады. Қатыспайтын себебім, ешқандай партияның қатарында жоқпын. "Ақжолда" жүрмеймін, "Ауылда" тұрмаймын, ДВК-ға бармаймын, Нұротанға кірмеймін. Бұл "Партияның бәрі жаман" деген сөз емес. Партияда болмайтын себебім, САЯСАТ деген маған "саяңды, тыныштығыңды сат" деген сияқты естіледі. Әрине, елдіктің, азаттықтың жолында жанның тыныштығын сақтау мүмкін емес. Бұл жерде сату деген ұғым тұр. Саясын сатқанды Алла аясын ба?
Маған Саясат кіл сатқындықтан тұратын сайқалдық секілді елестейді. Саясатта кейде елің үшін еріңді, кейде ерің үшін еліңді сатуға тура келеді. Кейде сара сөзіңді, кейде қара көзіңді, кейде адал сезімді, кейде, тіпті, өзіңді сату керек болады. Сатқындық - ең үлкен қылмыс, сатқын - ең арсыз атақ, ең жексұрын сөз. Әйтсе де, Әзәзілге арын да, жанын да сатқан атақты жандар аз ба?
"Бәрі сатылады". Мүмкін. Бірақ, ақшаға емес. Ақшадан да құнды ұғымдар бар.
Саясат туралы ойымның саясаткерге қатысы жоқ. Саясаткерлік - үлкен өнер. Менде ондай өнер жоқ. Өзіме нағыз саясаткер Дос Көшім ағамыздың ұстанымы, азаматтығы, ұлтжандылығы, батылдығы, мемлекетшілдігі ұнайды. Ия, Қосановты қолдады. Одан басқа Қосановты қолдағандар көп болған жоқ па? Соңында не болды? Кім кімді сатты? Саясатта солай.
Біз өз еліміздегі саясатты түсінбей жүргенде әлемдік саясатты қайдан түсінеміз? Әлемдік ойын. Әлемдік тәртіп. Әлемдік үрей. Жасанды пандемия. Жоспарлы пандемия. Бүкіл адамзатқа маска кигізіп, өздері "маскасын" шешіп тастаса да танымай тұрмыз. Дұшпанды дос тұтамыз, жанашыр деп ойлаймыз. ВОЗ терісін жамылған мәстірді, қозы терісін жамылған қасқырды танымаймыз.
Ұлтына жаны ашыған жандарды жексұрын етіп көрсететін өсек-аяңға сенеміз. Ертең солар еліне есті сөз айтқанда естігіміз келмей тұрады. Себебі, өсекке сенгенбіз. Екпеге қарсы не дәлел айтса да "қару сатқаннан, дәру сатқан жақсы емес пе" деп бедірейіп тұрамыз.
Қалың елім, қазағым! Біздің дертіміз ковид те емес, пневмония да емес. Рушылдық та емес, жершілдік те емес. Біздің аурудың диагнозын Құнанбайдың ұлы қойып кеткен.
Ол - "Жақсы менен Жаманды айырмау".
Қазір ол ауруымыз асқынып ең соңғы стадиясына өтіп кеттік-ау?

Балғынбек ИМАШ

Дереккөз: instagram.com

Фото: qazaqstan.tv

Байланысты жаналықтар

Америкадағы қазақ: медицина мешеу, бар амалы – қамап қою

17.04.2020

Дәрігер: Қазақтарға жаппай вакцинация қажет емес

03.02.2021

Байден әлемді қалай өзгертеді? Трамп не бүлдірді?

09.11.2020

Мемлекеттік бағдарламамен үй алу харам ба?

08.10.2020

Батыр Жүкембаев: «Қазақ жанкүйері сүрінсең, таптап өтеді»

29.07.2020

Жаңаөзендегі жауыздықтар жадымда

16.12.2020