Үкімет қамай берген соң Әблязовқа сенбегенде қайтеді

  • 28.09.2020
  • Malim Админ

Белгілі айтыскер Ринат ЗАЙЫТОВ Қазақстанда экстремистік ұйым деп танылған ҚДТ-ның  төрағасы, қашқындағы Мұхтар ӘБЛЯЗОВҚА өкпелі екен. Айтыскер өкпесін кездескен кезде айтармын дейді. Бұл туралы ютубтағы Ринат ЗАЙЫТОВ каналында айтылды.

Айтыскердің айтуынша, митинг - халық пен билік арасында диалог болмайды. Үкімет қоғамдық белсенділерді ашындыра берген соң олар Әблязовтың қайрауына жүреді.

«Халық пен  билік ортасына дәнекер керек. Еш нәрсе түсінбеген адам алаңға шығады. Алаңға шыққан халықты еш нәрсе түсіндіргісі келмейтін үкімет қол аяғын байлап РОВД-ға тығады. Елдің тыныштығын, шекараның бүтіндігін ойлаған жігіттер парламенкте бару керек. Митинг - диалог болмайды. Халықтың ойын жеткізетін депутаттар болса, халық алаңда  не іздейді. Бізде парламент жоқ. Партиялық монополия ғана бар», - деді айтыскер.  

Сондай-ақ, айтыскер атақ пен даңққа қызықпайтынын айтты. «Ерлан Біләл ағамыз істі болғанда халықтан кешірім сұрайма деп ойлағанмын. Бірақ ол атағымнан айрмаңдаршы деді. Мен атақ сүйгіштерді жеккөрмеймін. Бірақ оларды түсінбеймін», - дейді  айтыскер. 

Сенат спикерлігінен Дариға НАЗАРБАЕВАНЫҢ кетуі және шенеуніктердің пәрмен ұсталуы жақсы тенденция. Өзгерістің барын аңғаруға болады дейді сұхбат беруші.

«Бізде жалғыз Әблязов емес, басқа адамдар да алаңға шығыңдар, үкімет сендерге ешнәрсе істей алмайды дейді. Бұл сөзді айтатындар бәрін біледі. Соған алданған бейшаралар өледі, қамалады. Бұл біреудің қайғысын пайдалану. Олардың  айдауына көніп отырған адамдар жазықсыз. Мен алаңға шықпа деймін. Бірақ беретін түгім жоқ. Ал қарсы тарап "шықсаңдар сендерде бәрі болады" дейді. Мен алаңға шығатын жігіттерді білемін. Өз істеріне қатты сенеді.  Олардың елге пайдасы жоқ емес. Үкімет адамдарының ішінен  жаны ашитын адамдар шығып, оларды қамата берген ше, полицияға  "қой", - деп өздеріне тарта пай ма? Ай сайын қамайды. Сосын олар Әблязовқа сенбегенде қайтеді? Қайрауына жүрмегенде қайтеді?», - дейді Ринат РИФХАТҰЛЫ.  

2019 жылғы президенттік сайлау кезінде Мұхтар Әблязовтың өзіне қатысты жасаған мәлімдемесіне орай да Ринат өз ойын айтты.

«Мұхтар Әблязовпен отырып әңгімелесу керек шығар. Ол екеуіміздің дүние танымымыз бөлек. Қазақ туралы, Қазақстан жайлы түсінігіміз екі түрлі. Жеке өзімнің өкпем бар. Жарайды бір кездескенде айтармын. Таумен тау кезікпесе де  адаммен адам кезігеді. Былтырғы сөзіне өкпеледім. Мені арнайы дайындапты деп айтты ғой. Келесі жылы Ринатқа партия ашып береді деді. Қай жерімен бал ашып отыр?  Нақақтан-нақақ жала ғой», -деді айтыскер.  

МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ. 

Байланысты жаналықтар

АҚШ журналисі: Бозжыра ерекше қорғалатын аумаққа жатқызылуы керек

24.02.2021

Жұмабай Шаштайұлы: «Ескіруді ескермейтін ұлтқа айналып барамыз»

08.10.2020

Қазбек Бейсебаев: Мақсатымыз партия құрып, елді өзгерту

24.06.2021

Ағаш суғара алмайтын маңғыстаулық әкімнің қызметі өсті

27.06.2020

"Қонаев туралы деректі фильм қазақты біріктірді"

02.06.2021

Еститін мемлекетте Көлгінов неге естімейді?

07.09.2020