Күн сайын бір отбасы бұзылып, бір оқушы зәбір көріп, біреу алаяққа жем болады – Ринат Зайытов

Депутаттың айтуынша, бүгінгі қазақ қоғамы туғанға тасбауыр, жақынға жау, досына дұшпан болып кетті.

Сабина Асқарқызы

  • 19.03.2025

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов қазақ қоғамындағы рухани дағдарыс туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Malim.kz.

Өкінішке қарай, қазіргі қазақ қоғамы өте үлкен жылдамдықпен рухани дағдарысқа ұшырап барады. Күн сайын еліміздің әр түпкірінде бір отбасы бұзылып, бір оқушы зәбір көріп, бір адам кісі қолынан қаза тауып, біреу пара алып, біреу өзіне қол жұмсап, біреу алаяққа жем болып жатады. Мұндай мысалдар таусылмайды, - дейді Ринат Зайытов.

Депутаттың айтуынша, бүгінгі қазақ қоғамы туғанға тасбауыр, жақынға жау, досына дұшпан болып кетті.

Қоғамның қатыгез бола бастауына не себеп болды десеңіздер, бірден жауап беру қиын. Өйткені оның себебі біреу емес. Тұрмыстағы таршылық, тәрбиенің жоқтығы, жеткіншектерге үлгі болатын тұлғалардың құбыжыққа айналуы, материалды байлықтың бірінші орынға шығуы, әлеуметтік желідегі белгілі тұлғалардан бастап әртүрлі дін мен ұлт өкілдерінің өзара ашық соғысы, осының бәрі адамның рухани тозып, қатыгез болуына әкеліп соғып жатыр, - дейді депутат.

Өзімшілдік пен менмендік қоғамның басты індеті болып тұрғанын атап өтті.

Бүгін ойланбасақ, ертең кеш болмақ. Сондықтан, кешіктірмей идеологиялық тәрбие жұмысын күшейтуді бастау керек. Тәрбие тал бесіктен дегендей Қазақстандағы мультфильмнен киноға, балабақшадағы тақпақтан романдарға дейін адамдардың бойындағы мейірім мен бауырмалдықты, мемлекетшілдік пен әділдікті насихаттауы керек. Сонда ғана біз Қазақ мемлекетінің байрағын құлатпай, мәртебесін асқақтататын ұрпақ өсіре аламыз. Қазақ мемлекетінің материалдық емес құндылықтарын қайта түгендеп, оны жастардың санасына сіңіру – біздің міндетіміз!, - деді ол.

Фото: Parlam.kz

Байланысты жаналықтар

Таразда депутат соққыға жығылды

14.05.2025

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

05.05.2025

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

04.05.2025

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

03.05.2025

Депутат ажырасқандарға салықты көбейтуді ұсынды

30.04.2025

«Бұл өте қауіпті. Ринат Зайыт министрге МӘМС бойынша мәселелерді тізіп берді

30.04.2025
MalimBlocks
Таразда депутат соққыға жығылды

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған