Бас прокуратура биліктің халыққа оқ атқанын мойындады

  • 17.02.2020
  • Алмас НҮСІП

Өзбекстанның Бас прокуратурасы Әндижанның бейбіт халқына үкімет тарапынан оқ атылғанын мойындады. Бұл туралы Malim.kz Азаттық радиосының Өзбек қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

2005 жылдың 13 мамырында Өзбекстан үкіметінің әскері Әндижан тұрғындарына оқ жаудырып, жүздеген адамның өмірін қиғанын растаған Өзбекстан Бас прокурорының орынбасары Светлана АРТИКОВА бұл үшін біраз шенеуніктің қылмыстық жауапкершілікке тартлығанын да мәлімдеді.

Артикова «оның біразы отырып шығып, қазір әдепкі өмірге қайта оралғанын» айтқанмен қантөгіске қатысы бар шенеуніктердің атын атаудан бас тартты.

Осы күнге дейін ресми Ташкент бейбіт шеруге шыққандар үкіметтің емес, қаруланған жауынгерлердің қолынан қаза тапқанын айтып келген. Әндижан оқиғасы жайлы неге ашық айтылмай келді деген сауалға Артикова:

«Ол кезде Өзбекстан жабық болды ғой. Ол кезде бізге шетелдік БАҚ-пен жұмыс істеу де, басқасы да сондай қиын болды! Қазір жаңа Өзбекстан, жаңа саясат. Қазір жаңа саяси еркіндік. Тіпті, біз де, сіз де жаңардық, - деп жауап берді.

2005 жылы Өзбекстан билігі Әндижанда наразылық білдіргендерді жаппай атып, нәтижесінде 187 бейбіт адам қаза болған. Бұл ресми мәлімет, ал, бейресми ақпараттарда оққа ұшқандар саны мыңға жететіні айтылады. Артикова бұл ақпараттардың жасырын ұсталуы мен шетелдік БАҚ өкілдерін елден қуу шараларына қатысты сауалға «жағдай соны талап етті» деп қана жауап берді.

Фото: Ozodlik.org

Байланысты жаналықтар

«Ақтөбеде газ тапшылығын қолдан жасап отыр»

04.02.2020

Дәулеталин: Әлеуметтік әріптестер қызметінің ынтымақтастығы дағдарысты еңсеруге мүмкіндік береді

04.06.2020

Бас мүфти ауысты

07.02.2020

Дәрігерлерге үстемақы берілді

12.04.2020

Коронавирус: Үйде жатып емделудің жолы қандай?

28.06.2020

Риддердегі өрт: 35 отбасы үйсіз қалды

11.05.2021