Қазақстанда өтетін чемпионат Өзбекстанға ауыстырылды

Алмас НҮСІП

  • 18.02.2020

Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты Қазақстаннан Өзбекстанға ауыстырылды. Бұл туралы ҚазТАГ-қа сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.

Ауыр атлетика халықаралық федерациясының (IWF) хабарына қарағанда, бұл өзгеріс Қытайда таралып жатқан коронавирусқа қатысты қабылданған. Басты себеп – Қазақстан шекарасындағы сақтықтың күшейтілуі.

«Коронавирустың таралуы салдарынан Қазақстан Республикасы үкіметі вирустың тарау аймағының ұлғаюына байланысты Қытайдан және онымен шектесетін елдерден келетін жолаушыларға шектеу қойды. IWF-тің атқарушы кеңесі жағдайды тез арада талқылап, [ауыр атлетикадан Азия чемпионатын]Қазақстаннан Өзбекстанға ауыстыруға келісті», - делінген федерация мәлімдемесінде.

Қазақстанда өтуге тиіс болған, енді Өзбекстанға ауыстырылған чемпионат 16-25 сәуір күндері өтеді.

Бұл Қытайда таралған коронавирустың салдарынан ауыстырылған жалғыз спорттық шара емес. Бұған дейін бірнеше спорт түрлерінен өтетін жарыстар кейінге қалдырылған. Тіпті, коронавирус жақын арада тоқтамаса Токио-2020 олимпиадасының өзі өтпей қалуы мүмкін деген болжамдар айтылуда.

Оқи отрыңыз: Қытай вирусты жеңбесе, Токио олимпиадасы өтпейді

Токио демекші, Жапония жағалауында карантинге алынған Diamond Princess круиздік кемесінде Қазақстанның төрт азаматы (екі әйел, 8 және 12 жастағы екі бала) бар. Қазір оларды тексерудің соңғы кезеңі өтіп жатыр. Жерге түскен соң тағы бір тексеріледі, егер ауру белгілері анықталмаса елдеріне жіберілмек. Денсаулық сақтау министрлігі 4000 адаммен әлемді аралауға шыққан, коронавирус жұқтырған жолаушылар саны 355-ке жеткен кемедегі қазақстандықтардың жағдайы жақсы екенін мәлімдеген.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, коронавирус жұқтырғандар – 73 мыңнан асып, қаза болғандар саны 1873 адамға жетті.  Сонымен қатар, 12552 адам коронавирустан айыққан.

Фото: sputniknews.kz

 

Байланысты жаналықтар

ТЖМ елімізде су басқан елді мекендерден 412 адам эвакуацияланғанын мәлімдеді

27.03.2024

Коммуналдық қызмет бағасы өсті

27.03.2024

Қазақстанда қай қала тұрғындары жиі ажырасады?

26.03.2024

Қазақстан қиын-қыстау кезеңде Ресеймен бірге  - Тоқаев

26.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Қазақстан бірінші ядролық энергия саммитіне қатысты

22.03.2024
MalimBlocks
ТЖМ елімізде су басқан елді мекендерден 412 адам эвакуацияланғанын мәлімдеді

Ақтөбе, Атырау облыстарындағы 46 аула аумағынан су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Коммуналдық қызмет бағасы өсті

2024 жылғы ақпан айының соңында Қазақстанда ақылы қызметтер жылына 12,8%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстанда қай қала тұрғындары жиі ажырасады?

Алматы бірінші орында: 2023 жылы – 2,3 мың жұп ажырасқан.

Қазақстан қиын-қыстау кезеңде Ресеймен бірге  - Тоқаев

Кездесу барысында сауда-экономикалық ықпалдастық мәселелері қарастырылған.

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Қазақстан бірінші ядролық энергия саммитіне қатысты