Талдықорғандағы коттедж қалашығы «тепсең құлағалы тұр»

Malim Админ

  • 14.10.2020

Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында салынып жатқан коттедж қалашығының құрылысы талапқа сай емес, тепсең құлағалы тұр. Бұл туралы оқырмандарымыздың бірі сайтымызға жолданған видео материалда айтылған деп хабарлайды Malim.kz.

Әуесқой түсірілімде видео авторы «Береке» коттедж қалашығындағы кірпіші қаланып, шатыры жабылған үйдің «тепсе құлағалы тұрғанын» айтады. Өйткені, кірпіштерінің арасында сылақ (раствор) жоқ екенін, бар сияқты көрінетін жерлерінің өзін өтірік сылап-сипап өте шыққанын, шатырдың астына да жеткілікті жылу сақтайтын материалдардың салынбағанын айтады.

«Қараңыздар, кірпіштің арасында бір «раствор» жоқ. Құры қалай салған, сыртана жағып-жағып. «Крышаның» төбесін қараңыздар, өтірік әңгіме бәрі. Мына «кладканы» өтірік-өтірік ұра салған, кірпіштер мүлде бір-біріне жатпаған. Мынау іші дала боп тұр. Қараңыздар шатырды, «стекловата» жоқ төбеде, мүлде. Мынау деген өтірік, халтура ғой. Осыны ертең елдерге береді, ойбай «коттеджный городок» салып беріп жатырмыз деп. Ал, кірпіштің арасында «связка» жоқ. Битіп тепсең, құлайын деп тұр. Масқара», - дейді аты-жөні белгісіз тұрғын.

Видео авторы үлкен планда алған көріністе, расында, кірпіштің арасында сылақ жоқ екенін байқауға болады. Целлофан оралған шатырдың асты да «уілдеп тұрғаны» білінеді. Видео түсіруші екінші қабаттың едені құйылғанмен, бірінші қабаттың астын «топырақпен ұрып жатқанын» айтады.

«Қараңыздар, мына жерге құры топырақ төге салған. Осының үстіне «стяжка» құяды жігіттер. Не «керамзит», не «щебень» жоқ, таза топырақпен ұрып жатыр. ...Міне, осылай! «Коттеджный городоктан» үй алмай-ақ қойсаңыздар болады», - деп аяқтайды сөзін автор.

«Береке» коттедж қалашығына жауапты Талдықорған қалалық әкімдігі екен. Malim.kz тілшісі Қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Мейір НҰРҒАЛИЕВКЕ хабарласып, видео материалға қатысты түсініктеме беруін сұрады. Нұрғалиев видеода көрсетілген кемшіліктердің көбін жоққа шығарды.

«Бұл видео осыдан 15 күндей бұрын түсірілген. Сол жерде «наливной пол» құйған жігіттер түсіріпті. Кеше түнде барып көрдім, қазір ол жерде «стяжка» құйылып жатыр. Авторлық бақылаудың журналын көтердім, жаңағыларды бұздырдым. Дәл сол үйде. Ескерту берілген, бірақ, ол қазір жөнделді. Қазір барып видеомен салыстырып қарасаңыз, ол үй мүлде өзгеріп кеткен. Біз ескертуді 5-інде беріппіз, қазіргі күні түзетулер аяқталу сатысында тұр. ...Ал, ана кірпіштердің арасында «раствор» бар, кеше арнайы бұздырып көрдім. Талапқа сай емес жерлері бар, ол жерлерді біздің атымыздан, мемлекеттің атынан авторлық бақылау және техникалық бақылау өз ескертулерін берген. Сол бойынша, мердігер мекеме жұмыстарын атқарған», - дейді Нұрғалиев.

Талдықорғанда былтырдан бері жарнамасын келістіріп жатқан жалғыз коттедж қалашығы бар. Алматыдан кіре беріс жағында сап түзеп тұр. Әрине, сырттай қарағанда көз қызығарлық. Былтыр ғана осы қалашықтан 100 шақты үйдің кілтін көп балалы отбасыларға облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ өз қолымен табыс еткен. «Береке» коттедж қалашығы аталатын тұрғын үй массивінде жоспар бойынша 606 үй салынып жатыр, оның 404-і осы қараша айында пайдалануға беріледі делінген. Бұл үйлердің құрылысын жүргізіп жатқан «ПМК 7 К» құрылыс компаниясы.

Бәлкім, кәсіби көздер бізден гөрі анық көретін шығар деп видео-материалды бірнеше қайтара көріп шықтық. Бірақ, кірпіштердің арасындағы бос кеңістік көрер көзге ұрып-ақ тұр. Бәлкім, ескертуден кейін кірпіштердің арасына ебін тауып сұйықтық құйып, бітеп те қойған болар. Бірақ, бұл қаншалықты қауіпсіз? Бұл жағына қаланың құрылыс бөлімінің басшысы сенімді сияқты.

Тамыз айында ғана облыстық «Жетісу» газеті «коттеджді қалашық құрылысы да облыс әкімінің жиі бас сұғатын нысаны» екенін айтқан. Бәлкім, облыс әкімі Амандық Баталов барып, нағыз кәсіби құрылысшының көзімен қарап, ақырғы кесімін айтпаса, видеоға түсіріп алған әуесқой құрылысшылар да, былайғы жұрт та үйдің құрылысының талапқа сай екеніне сене алмай жүр.

Ал, облыс әкімінің баспасөз хатшысы Айдар КАРБОЗОВ осыған дейін тұрып жатқан тұрғындардан үйдің сапасына қатысты ешқандай шағым түспегенін айтады.

Видео материал бойынша төрелігін оқырманның өзі айта жатар, түсірілімді қоса ұсынып отырмыз.

[video width="640" height="352" mp4="http://malim.kz/wp-content/uploads/2020/10/71f0f564d275f4d2239840a5fe95f20b.mp4"][/video]

Байланысты жаналықтар

«Таза Қазақстан» акциясы: Алматы облысы Жамбыл ауданындағы 61 елді мекенде сенбілік өтті

15.04.2024

Есірткі беріп, зорлап келген: Алматы облысында жәбір көрген 17 жастағы қыздың анасы әділдік іздейді

02.04.2024

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

23.03.2024

Қаңтар оқиғасы: Талдықорғанда адамдарды азаптаған 4 экс-полицей сотталды

18.03.2024

«Құлау қаупі төніп тұр»: Прокуратура Алматы облысындағы шахтаның жұмысын тоқтатты

13.03.2024

Полицейлер қыз зорлады 

20.11.2023
MalimBlocks
«Таза Қазақстан» акциясы: Алматы облысы Жамбыл ауданындағы 61 елді мекенде сенбілік өтті

Сонымен қатар бүгін дәл осындай сенбілік «Таңбалы» музейінде де болып жатыр.

Есірткі беріп, зорлап келген: Алматы облысында жәбір көрген 17 жастағы қыздың анасы әділдік іздейді

Алматы облысы Қарасай ауданы Береке ауылында бір топ жігіт 11 сынып оқушысын 2 жыл бойы пышақпен қорқытып, есірткі беріп, зорлап келген. Оның анасы әділдікті талап етіп, кінәлілердің жазалануын сұрайды, деп хабарлайды Stan.kz “Астарлы ақиқат” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

Қаңтар оқиғасы: Талдықорғанда адамдарды азаптаған 4 экс-полицей сотталды

Олардың тергеудің тыйым салынған әдістерін жасағаны дәлелденді.

«Құлау қаупі төніп тұр»: Прокуратура Алматы облысындағы шахтаның жұмысын тоқтатты

Кеген ауданындағы «Тұйық» қорғасын кен орнына тексеріс жүргізілді.

Полицейлер қыз зорлады 

Алматы облысында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен екі полиция қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz сайты Тіл кеспек жоқ телеграм-арнасына сілтеме жасап.