Жазадан құтылған Бақауов енді көше де сыпырмайды

  • 15.10.2020
  • Malim Админ

Лауазымын асыра пайдаланып, шартты мерзімге сотталғанған Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов енді көше сыпырып, саябақ көгалдандырмайтын болды. Бұл туралы «Ирбис TV» телеарнасы хабарлады.

Бұрынғы әкім жылына 100 сағат жұмыс істеу керек. Алайда телеарна мәліметінше, Бақауов жұмыс тауып алған.

Естеріңізде болса, 2020 жылдың 16 қаңтарында ұсталған Болат Бақауовқа Қылмыстық Кодекстің 362 бабы 4-ші бөлігі үшінші пункті бойынша қылмыс жасады айып тағылған. Кейін бұл айып 362 бабы 4-ші бөлігі үшінші пунктіне ауыстырылған еді. Нәтижесінде Бақауов бостандықта қалды, бірақ үш жарым жылға бас бостандығы шектеліп, 100 сағат қоғамдық жұмыстарды атқаруы тиіс еді.

"Сотталған азамат бекітілген мекенжайы бойынша Павлодар қаласының пробация қызметінде есепте тұр. Заңнамаға сәйкес, жұмысқа орналаспаған сотталғандар мәжбүрлі еңбекке тартылады. Алайда бұл азамат жұмыспен қамтылған. Мәжбүрлі еңбекке тартылмайды. Жеке ісінен ақпаратты жариялауға болмайды", - деді Павлодар облысы ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы Гүлжан Абдуғалиева.

Болат Бақауов кінәсін толық мойындағаннан кейін прокурормен келісімге келген болатын. Істің материалы бойынша, Бақауовтың жиеніне тиесілі фирма 200 миллион теңге салық төлемеген. Әкім салықшылардан бұл соманы 40 есе азайтуды талап еткен.

Байланысты жаналықтар

Имашев vs Цой: Тоқаев кімнің сөзін тыңдайды?

22.10.2020

Билік интернеттегі жұртты аңди ма?

07.12.2020

Жириновский: Қазақстандағы орыстарға Ресей паспортын беруді тездету қажет

26.07.2021

Ресейдің Қазақстанға саясаты өзгерді

23.12.2020

Қамаудағы "саяси тұтқынның" үстінен тағы бір іс қозғалды

04.08.2021

Трамп құдасына рақымшылық жасады

24.12.2020