"Тоқаев жауап бермесе, халықтық парламент құрылады"

Malim Админ

  • 15.10.2020

Диссидент, қоғам қайраткері Хасен Қожа-Ахмет алдағы парламент сайлауына партиядан түсетін кандидаттар ғана емес, қарапайым халық өкілдері де үміткер ретінде түсе алуы тиіс дейді. Бүгін баспасөз мәслихатында тәуелсіз бақылаушылармен бірге мәлімдеме жасаған диссидент билік сайлау туралы заңға тиісті өзгеріс жасамаса, халықтық парламент құратынын жеткізді.

"Бұрын азаматтар өзін-өзі ұсына алатын. Карантин кезіндегі дағдарыс жалғасып жатыр. Осындай кезде халыққа өзін-өзі сайлауға ұсынып, партия құруға мүмкіндік жоқ.  Былтырдан бері сайлау заңына жасалған өзгерістер жойылсын, кандидаттардың 50 пайызы партиядан, қалған 50 пайызы өзін-өзі ұсынып түссін", - дейді диссидент.

Хасен Қожа-Ахмет осы талап жазылған хатты президент Тоқаевқа қазан айының басында жолдапты. "Егер алдағы сайлауға тек қана партиялар кандидаттар ұсынса, халық өзін-өзі ұсынатындай өзгеріс жасалмаса, онда сайлау нәтижесін халық сайлау нәтижесін мойындамайды және қатыспайды деген талап айттым. Заңды өзгерте ме, әлде тек партияларды қатыстыра ма, жауабын күтіп отырмыз. Егер өзгеріс енгізбесе, онда ол сайлау нәтижесін мойындамаймыз. Және халықтық парламент құрып, жаңа конституция жобасын талқылаймыз", - дейді диссидент.

Баспасөз мәслихатына қатысқан тәуелсіз бақылаушы Ақмарал Қамбарқызы Конституцияда әр азаматтың сайлануға және сайлауға дауыс беруіне құқығы бар деп жазылғанымен, сайлау туралы заң бұл құқықты бұзып отыр деп есептейді. Тәуелсіз бақылаушы сайлауға партия кандидаттары ғана емес, мұғалім де, шахтер де, қарапайым адам да өзін-өзі ұсынып, түсе алуы тиіс дейді. Сол себепті тәуелсіз бақылаушылар партиялық тізіммен қатар адамдар өзін-өзі ұсына алатын мажоритарлы жүйені қайтаруды сұраған.

Оқи отырыңыз: Мәжіліс сайлауы онлайн өтуі мүмкін

Байланысты жаналықтар

Бас мүфти ауысты

07.02.2020

Дәрігер Тоқаевқа: Мәжілісті таратып жіберіңіз

02.06.2020

Бекболат Тілеухан коронавирус жұқтырды

12.06.2020

Қырғызстанда наразылар президенттің кабинетіне басып кірген

06.10.2020

Екпе егуді міндеттемейді

11.06.2020

Нұр-Сұлтан жұмысын жарнамалауға 77 миллион жұмсалмақ

12.03.2021
MalimBlocks
Бас мүфти ауысты

Дәрігер Тоқаевқа: Мәжілісті таратып жіберіңіз

Бекболат Тілеухан коронавирус жұқтырды

Қырғызстанда наразылар президенттің кабинетіне басып кірген

Екпе егуді міндеттемейді

Нұр-Сұлтан жұмысын жарнамалауға 77 миллион жұмсалмақ