Жээнбеков аяқ асты неге кетті?

  • 15.10.2020
  • Malim Админ

Қырғыз президенті Сооронбай Жээнбеков президенттіктен өз еркімен кетті. Қазір біраз сарапшылар оның бұл кетісін сан саққа жүгіртіп жатыр. Соның бірі Қырғыздың бұрынғы премьер-министрі, «Ар-Намыс» партиясының лидері Феникс КУЛОВ.

Оның айтуынша, Жээнбековте отставкаға кету туралы ой болмаған. Ол оның бұл шешімді аяқ асты қабылдауына қандай да бір күштер ықпал еткен болу керек деп есептейді.

«Президенттің - ішінде мен де бар, - қоғам белсенділерімен болған кездесуі бүгін сағат бірде аяқталды. Отставка туралы әңгіме болған жоқ. Содан кейін резиденцияға Садыр ЖАПАРОВ пен Қамшы ТАШИЕВ келді. Сосын, міне жаңалық: Президент аяқ асты пікірін өзгертеді де күтпеген жерден отставкаға кетеді. Бұл жерде бір-ақ қорытынды шығаруға болады: қандай да бір күштер (қандай күш екені ерте ме, кеш пе белгілі болады) билікті күштеп тартып алмақ болып бекінген де, Президенттің алдына таңдау қойған: өз еркімен отставкаға кету не соғыс, ешқандай тырнақшасыз, кәдімгі соғыс. Әйтпесе, ел дағдарып тұрғанда, адам жайдан жай биліктен кете салмайды», - дейді Кулов Facebook парақшасында.  

Президенттің отставкасынан кейін парламентті тарату туралы талап қойыла бастаған. Кулов парламент тараса, елдегі бүкіл билік премьер-министрдің қолына өтеді, демек, бұл да алдын ала ойластырылған мәселе екеніне сенімді.

Ол сондай-ақ, егер Жапаров билікті басқа бір мақсатта пайдаланам десе, оны да бұған дейінгі абыройсыздықпен кеткен ел басшыларының тағдыры күтіп тұрғанын айтады. Бұл бейбастақ жағдайлар онсыз да тұралап тұрған ел экономикасына зор қауіп төндіреді, қазіргі тәртіпсіздіктен кейін сырттан ешқандай инвестор келмейді, шекара жабылады, мигранттар үшін де қауіпті жағдай орнайды деп есептейді.

Айта кету керек, бүгін Қырғыз президенті Сооронбай Жээнбеков елдегі толқулардан кейін өз еркімен отставкаға кетті.

Байланысты жаналықтар

"Түрлі қылмыстарға барған мұндай адам биліктен кете алмайды"

11.03.2020

Оңдасын Оразалин, сізге айтамын, «Хюрем» ханым тыңдаңыз!

20.10.2020

Шабалаңдама деген депутат президентті мақтады

13.06.2020

«Күйеуімді ОМОН ұстап алып кетті»

21.08.2020

Дариға мәжіліске не үшін қайтып оралды?

13.01.2021

Сәтбаевтағы жанжал бойынша үкім оқылды

14.05.2021