Астанада өтетін ҰҚШҰ саммитіне 5 елдің басшылары қатысады

Армения өкілдерінің есімдері аталған жоқ

Malim Админ

  • 26.11.2024

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Бас Хатшысы Сергей Лебедев пен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы Чжан Мин Астанада 28 қарашада өтетін Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымының саммитіне қатысуға шақырту алды. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі. 


Оның мәліметінше, шараға Ресей президенті Владимир Путин, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағанбетов қатысады. 

Хабарламада Армения өкілдерінің есімдері аталған жоқ. Бұған дейін Армения СІМ баспасөз хатшысы Ани Бадалян Арменпресс агенттігіне елдің Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян Сыртқы істер министрлері кеңесі мен Қорғаныс министрлері кеңесінің, ҰҚШҰ-ға мүше елдердің Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырысына қатыспайтынын мәлімдеген болатын.

«Сессия барысында халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін, сонымен қатар ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының ҰҚШҰ-ға төрағалық ету кезеңінде Қазақстан Республикасының басымдықтарын орындау жөніндегі шараларды іске асыру барысын талқылау жоспарланып отыр», — деп атап өтті Қазақстан СІМ баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Президенттің шақыруымен Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетіні хабарланды.

Фото:  Ақорда 

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

Зеленский Анкараға жетті

15.05.2025

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

15.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025
MalimBlocks
Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

Зеленский Анкараға жетті

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды