«Дұрыс емес ақпаратты тарату». Қырғызстан президенті «Азаттық» радиосын жабу ұсынысын құптады

Жапаров «Азаттықтың» дәурені біткенін айтты

Malim Админ

  • 11.02.2025

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Илон Маск ұсынған АҚШ мемлекеттік департаментінің медиа жобаларын жабу жоспарын қолдады, деп хабарлайды Malim.kz. 


Маск АҚШ президенті әкімшілігінің өкілі ретінде үкімет қаржыландыратын «Америка дауысы» және «Азаттық радиосы» медиа жобаларын жабуды ұсынды. Ал Қырғызстан билігі «Азаттық радиосының» Қырғызстандағы филиалының қызметін бірнеше рет тоқтатуға тырысқан екен. 

Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров халықтың өзі-ақ БАҚ-та өтірік пен шындықты ажырата алатынын, ал «Азаттықтың» дәурені біткенін айтты.

Дұрыс емес ақпаратты тарату немесе жаңалықтарды манипуляциялау сөз бостандығына жата ма? Рұқсат етуді сөз бостандығымен немесе адам құқықтарымен шатастырудың қажеті жоқ. Сондықтан Трамп пен Масктың шешімдерін қолдаймын», - деді Жапаров. 

Айта кетейік, 2023 жылдың 23 қаңтарда Қырғызстан билігі Азаттық радиосының үстінен сотқа арыз түсірген. Шағымда Азаттық радиосы қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс туралы видеоматериалды жоймағаны жазылған. Бұл айыппен Азаттықтың қырғыз қызметі де, медиа ұйымдар мен тәуелсіз журналистер де келіспеген еді. 

Фото: stat.gov.kg  

Байланысты жаналықтар

Байден биліктен кеткеннен кейін Трамптың саясатын алғаш рет сынады

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Қытай Трампқа жауап ретінде Boeing ұшақтарын сатып алуды тоқтатты

15.04.2025

Трамп Украинадағы соғыстың басталуына үш адамды кінәлады

15.04.2025

Трамп адамның ақыл-есін тексеретін тестен өтті

12.04.2025

Жәмила Бақбергенова әлемдік рейтингте көш бастады

11.04.2025
MalimBlocks
Байден биліктен кеткеннен кейін Трамптың саясатын алғаш рет сынады

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Қытай Трампқа жауап ретінде Boeing ұшақтарын сатып алуды тоқтатты

Трамп Украинадағы соғыстың басталуына үш адамды кінәлады

Ол бұған Ресей президенті Владимир Путин, АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден және Украина президенті Владимир Зеленский кінәлі деп айыптады

Трамп адамның ақыл-есін тексеретін тестен өтті

Жәмила Бақбергенова әлемдік рейтингте көш бастады