Сұлтанов Сағынтаевтан жер алғысы келеді

  • 18.02.2020
  • Қанат Тілеухан

Бүгін Үкімет отырысында  сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов әлемдік бөлшек саудадағы электрондық коммерция туралы баяндама жасады. Сонымен қатар Қазақстандағы интернет сауданың көрсеткіштеріне тоқталған министр Алматыда логистикалық орталық салу үшін Сағынтаевтың жер беруін сұрады.

«Инвестициялық жоба шеңберінде 15 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарланған. Ол ақша Алматы қаласындағы Алатау инновациялық-технологиялық паркі аймағында алаңы 50 мың шаршы метр болатын логистикалық орталық салуға жұмсалады. Инвестициялық жобаны іске асыруды жеделдету үшін, Асқар Ұзақбайұлы, келесі тапсырмаларды беруіңізді сұраймын. Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрлігі аталған арнайы экономикалық аймағы қызметтің басым бөлігі тізбесіне интернет бөлшек сауданы, қоймалық қызметтерді, жүктерді, көлікті өңдеуді енгізсін және Алматы қаласының әкімдігі Алатау инновациялық-технологиялық паркі аумағынан логистикалық орталық салу үшін жер телімдерін беруді жеделдетсін», – деді министр.

Жоба іске асса, 2,5 мың жаңа жұмыс орны ашылып, отандық өндірішулердің тауарларын сақтау және жеткізу шығындары қысқарады екен.

Бақыт Сұлтанов Сағынтаевтан жерді Мәмин арқылы сұрағаны я өтініш, я арыздану екені белгісіз күйде қалды. Сонымен қатар, Бейбіт Атамқұлов басқаратын министрлік те Сұлтановқа бірнеше қызмет істеп беру керек екен.

Коллаж: malim.kz

Материалды көшіріп басуға болмайды!

Байланысты жаналықтар

Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыссыз режим бір аптаға ұзартылды, Шымкентте карантин енгізілді

03.04.2020

Cоғыстан қайтқан сормаңдай тағдырлар

09.05.2021

Адам – «тірі тауар», бірнеше рет сатуға болады – Адам саудасы жайлы

04.05.2021

"Путиннің ұстанымын айттым. Қазаққа жерді сыйға бердік"

29.12.2020

Мәжіліс "Бейбіт жиын өткізу туралы" заң жобасын қабылдады

08.04.2020

Алматы облысында санитарлық пост қойылды

15.07.2020