457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

АҚШ пен Еуроодақ сауда бойынша ең ірі келісім жасасты

АҚШ пен Еуропа одағы сауда саласында ең ірі келісім жасасты. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп 27 шілде күні Шотландияда Еурокомиссия жетекшісі Урсула фон дер Ляйенмен келіссөз өткізгеннен мәлімдеді,-деп хабарлайды Malim.kz Azattyq-қа сілтеме жасап. 


Трамптың сөзінше, АҚШ Еуроодақтан баратын тауарларға кеден бажын бұған дейін айтылғандай 30% емес, 15% мөлшерінде белгілемек. Сондай-ақ, ол Еуроодақ АҚШ-тан 750 миллиард долларға энергетика ресурстарын сатып алуға, АҚШ экономикасына қосымша 600 миллиард доллар инвестиция құюға және АҚШ-тан қару-жарақ сатып алуға келіскенін мәлімдеді. Келісім жасалғанын растаған Фон дер Ляйеннің айтуынша, алдағы апталарда оның егжей-тегжейі нақтыланатын болады. 15 пайыздық тариф АҚШ-қа Еуроодақтан енгізілетін тауарлардың басым бөлігіне қолданылмақ, бірақ агроөнеркәсіп өнімі сияқты кейбір тауарлар бойынша өзара кеден бажы нөлдік деңгейде болады, деді ол. Еурокомиссия басшысы Еуроодақ АҚШ-тан сұйылтылған табиғи газды көбірек сатып алуға ниетті екенін де растады. Бұл Ресейден сұйылтылған газ сатып алуды азайтуға мүмкіндік бермек. Жалпы алғанда, фон дер Ляйеннің айтуынша, бұл келісімдер тұрақтылық пен болжамды болуын қамтамасыз етуді көздейді.  

Фото: Reuters