457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Еуропа елдері Ресейге қарсы санкциялардың 18-ші пакетін мақұлдады

Еуропалық Одақ Ресейдің Украинаға қарсы жалғасып жатқан агрессиялық соғысына байланысты жаңа санкциялар пакетін қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.

18 шілде, жұма күні Брюссельде ЕО-ға мүше мемлекеттердің өкілдері Словакия тарапынан бірнеше апта бойы болған кедергілерге қарамастан, бұл – Ресейге қарсы 18-ші санкциялар топтамасын қабылдауға келісті. Бұл туралы Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кая Каллас мәлімдеді.

«Біз өз ұстанымымыздан қайтпаймыз. ЕО Ресейге қарсы осы уақытқа дейінгі ең қатаң санкциялар пакеттерінің бірі ретінде жаңа шектеулерді бекітті. Біз Кремльдің әскери бюджетін одан әрі қысқартамыз, «көлеңкелі флотқа» тиесілі 105 кеме мен олардың серіктестеріне санкциялар саламыз, сондай-ақ ресейлік банктердің қаржыландыру көздеріне қол жеткізуін шектейміз», – деп жазды Каллас Х платформасындағы парақшасында.

Санкциялар пакетінің басты мақсаты – Ресейдің үшінші елдерге мұнай экспортынан түсетін табысын барынша шектеу және елдің қаржы секторына соққы беру.

Сондай-ақ Еуроодақ «Солтүстік ағын» және «Солтүстік ағын-2» газ құбырларының жұмысын қайта жандандыру мүмкіндігін болдырмауға ниетті.

dpa агенттігінің хабарлауынша, 2022 жылдың қыркүйегінде Ресейден Германияға тартылған төрт құбырдың үшеуі Балтық теңізінің түбінде орналасқан жерінен диверсия салдарынан істен шыққан. Алайда жөндеу жұмыстары жүргізілген жағдайда бұл құбырлар Ресейге газ сатудан миллиардтаған кіріс әкелуі мүмкін болатын.

Фото: Nicolas Economou/NurPhoto/picture alliance