«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы сайлауға қатысады

Бүгін Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы өтетіні жайлы жарлығын жариялады. «Ауыл» партиясы Президенттің бұл шешімін құптайды.
Бұл қазіргі кезеңдегі коронавирус пандемиясына қарамастан еліміздің барлық азаматтарына Конституцияда көрсетілген сайлау құқын пайдалануға мүмкіндік беретін дұрыс шешім. Сайлау – кез келген мемлекеттің демократиялық дамуының ажырамас бөлігі.
Конституциялық мерзімде өткізілетін бұл сайлау әйелдер мен жастарға 30 пайыздық квота қарастырылуы, парламенттік оппозиция институтының енгізілуі, сондай – ақ мәслихат депутаттарының партиялық тізіммен сайлануы сияқты белгілі бір жаңашылдықтарымен ерекшеленбек. Біз, ел тұрғындарының ауқымды бөлігінің мүддесін арқалаған партия ретінде, аталмыш өзгерістер халқымыздың саяси партиялар институтына деген сенімін арттыра түседі деп есептейміз.
Сондай-ақ, осы жолғы сайлау көппартиялық парламенттің қалыптасуына себепкер болып, қоғамның жаңаруға деген сұранысын қанағаттандырады деп ойлаймыз.
Көппартиялық Парламент – қазіргі заманның талабы, Қазақстандағы саяси жаңғырудың жаңа кезеңі.
Саяси партиялар арасындағы әділ бәсекелестік пен сайлау үдерісі мен дауыстарды санаудағы ашықтық қана Қазақстанның одан әрі дамуының кепілі бола алады деп есептейміз.
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының
Саяси кеңес Президиумы
Ең көп оқылған
«Жағдайлары керемет»: Айтыскер Сара Тоқтамысова мен Айбек Қалиев пәтерге ие болды
Политика
|
21.10.2025 13:37
2025-10-21 13:37:00
Доссымақ қазақтар уыстан шығып кетті. Ресейлік ұлтшыл кезекті хатында Қазақстанға доқ көрсетті.
Политика
|
21.10.2025 12:44
2025-10-21 12:44:00
Республика күніне арналған өлеңдер
Политика
|
20.10.2025 18:00
2025-10-20 18:00:00
«6 млн теңге талап етті»: кинопродюсер түсірілім кезіндегі полицейлердің әрекетіне шағымданды
Политика
|
22.10.2025 13:22
2025-10-22 13:22:00
Юрий Аравин өмірден өтті
Политика
|
20.10.2025 12:23
2025-10-20 12:23:00
"Жеті апаны да білу керек”. Шежіреге әйелдерді де қосу ұсынысы жасалды
Политика
|
21.10.2025 15:49
2025-10-21 15:49:00
Ардақ Назаровты мандатынан айыруға ешкім хабарласпаған
Политика
|
23.10.2025 10:04
2025-10-23 10:04:00