«Борат-2» фильміне қарсы жастар АҚШ консулдығына барды

  • 23.10.2020
  • Есдәулет Қызырбекұлы

Бүгін Алматыда қаласында «Намыс» қозғалысының өкілдері «Борат-2» фильміне қарсы акция ұйымдастырып, АҚШ консулдығына арнайы петиция тапсырды.

Белсенділерді консулдық алдында ғимараттың қауіпсіздігіне жауапты полиция қызметкері күтіп алды. Олар петицияны тапсыруға тек бір адамның кіре алатынын айтты. «Намыс» қозғалысының жетекшісі Азамат Ғалымжанұлы мен ұйым мүшесі Мақсат Мамадияров консулдық өкілінің сыртқа шығуын немесе ішке екі адамның кіруіне рұқмат беруді талап етті. Кейіннен полиция екі адамның ішке кіруіне келсіті.

Азамат Ғалымжанұлының сөзінше, белсенді жастар АҚШ-тың Алматы қаласындағы бас консулы Эрик Майердің атына «Борат-2» фильміне тыйым салуды талап етіп петиция жазған.

«Бұл (Борат-2 фильмі – ред) біздің намысымызға,ар-ұжданымызға, ұлтшылдығымызға кері әсерін тигізіп жатыр. Соны көре отырып, біз үнмемей қала алмадық. Петицияға «Намыс» қозғалысының мүшелері мен өзге де ұлтжанды азаматтар қол қойды», - дейді Ғалымжанұлы.

Мақсат Мамадияровтың пікірінше, Қазақстанның СІМ әлі күнге дейін үнсіз екендігін айтып, ведомстваны заң аясында тиісті шаралар қабылдауға шақырды.

«Сыртқы істер министрлігі өткендегі «Борат-1» фильмі кезінде айтары болса айтуы керек еді ғой. Олар әлі үнсіз. Білмеймін бұның қашанға дейін жалғасатынын. СІМ сіздердің «құлақтарыңызға алтын сырға», осы мәселені заң аясында қолға алсаңыздар. Біз қазір үндемесек, ертең басқа да масқаралар шығады», - дейді Мамадияров.

Петицияны тапсырып шыққанан кейін Азамат Ғалымжанұлы мен Мақсат Мамадияров петицияны конулдық қызметкерлері қабылдағанын және оны бас консулға жеткізуге уәде бергенін айтты. Азамат Ғалымжанұлы «егер консулдық тиісті шараларды қабылдамаса, онда алдағы уақытта Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ елшілігіне дәл осындай петиция тапсыратындарын» жеткізді.

Ұлыбританиялық актер, комик Саша Барон Коэн 2006 жылы «Борат-1» фильмін түсірген. Ол кезде де бұл фильм Қазақстанда қызу талқыланып, режиссер Еркін Рақышев қарсылық ретінде «Менің ағам – Борат» киносын түсірген. «Борат-2» фильмін премьерасы қазанның 23-іне жоспарланған. Бұған дейін киноның жарнамасы Австралия, Ұлыбритания, АҚШ елдерінде жасалған.

Байланысты жаналықтар

Вице-министр: Әкімнің денсаулығы мықты

27.01.2021

МУРАТ АЙТЕНОВ ОЗНАКОМИЛСЯ СО СТРОИТЕЛЬСТВОМ ШКОЛЫ

20.05.2021

Қ.Тоқаев: Үстел теннисі жеңіске жетеріне үміттімін

23.11.2020

Шымкент колледждері нарыққа қажетті жаңа мамандықтарды оқытпақ

16.04.2021

Тао Порчон-Линч: “Тыныс алуды үйрен. Тыныштықты сезін” 

03.05.2021

Әкім Қуанышбек Ысқақов 18 миллионға кілем алмақшы

28.02.2020