Нағыз Қазақстан – бұл заманауи, мақтан тұтатын халқы бар тамаша ел

Malim Админ

  • 27.10.2020

Тhe New York Times басылымы Қазақстан туралы «Kazahstan, Reserving Itself, Emraces Borat as Very Nice» атты материал жариялады.

Америкалық Тhe New York Times басылымы 26 қазанда Very Niсe жарнамалық кампаниясына қатысты Қазақстан туралы «Kazahstan, Reserving Itself, Emraces Borat as Very Nice» атты материал жариялады. Оны Kazakh Tourism ұлттық компаниясы ұйымдастырған, деп хабарлайды nytimes.com.

Жарнамалық кампанияның тұжырымдамасы мен стратегиясы шетелдік саяхатшылардың назарын аудару үшін Саша Барон Коэннің Қазақстандағы ойдан шығарылған журналист Борат Сағдиевтің қатысуымен түсірілген екінші фильмінің резонанстық көрсетілімін пайдалану болып отыр. Науқанның ұраны ретінде Бораттың «Very Nice!» деген әйгілі тіркесі алынған, осылайша, фильмнің танымал премьерасы еліміздің туризмі пайдасына шешіле бастады, – деп түсіндірді Kazakh Tourism ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

Вирустық ролик идеясының авторы - Қазақстанда тұратын америкалық азамат Деннис Кин. Ол этнограф және ел ішінде жиі саяхаттайды. Сондықтан ол Қазақстанның табиғаты мен туризмі туралы жарнамалық ролик түсіруді ұйғарады.

Америкалықтар Қазақстан туралы біле қоймайды, сондықтан Саша Барон Коэн фильмінің шығуы пайдаға асты. Мен өз үйімде, Калифорнияда Қазақстан туралы айтқан кезде, бәрі маған Бораттың интонациясымен «Very Nice!» дейтін еді. Ол кезде бұл жай ғана ақымақ әзіл, фильмдегі тіркес қана болды. Біздің жарнамалық бейнелерімізде әлемнің әр түкпіріндегі адамдар Бораттың «Өте жақсы!» деген сөзін естіп қана қоймай, Қазақстанның шын мәнінде қандай ел екенін және оның шынымен де «Very Nice!» екенін көреді, – деді Деннис Кин.

New York Times газетінде жарияланған материалдың авторы Джоэль Стейн идеяның тереңдігін және Борат пен ел басшылығының қиын қарым-қатынасына деген жаңа көзқарасты бағалады. Сондай-ақ ол өзінің материалында Барон Коэн Қазақстан өзінің фильмінің танымалдылығына деген көзқарасын қалай өзгерткенін және оны өз фильмінің жарнамасын асыруға пайдаланғанын атап өтті.

Бұл комедия және менің фильмімде ұсынылған Қазақстанның нақты елмен ешқандай байланысы жоқ. Мен Қазақстанды таңдадым, өйткені АҚШ-та ешкім ол туралы ештеңе білмеді. Бұл маған жабайы, комедиялық, жалған әлем құруға мүмкіндік берді. Нағыз Қазақстан – бұл заманауи, мақтан тұтатын халқы бар тамаша ел. Борат көрсеткен елмен қарама-қайшы, - деп жазды Барон Коэн The New York Times электрондық поштасына.

Kazakh Tourism баспасөз қызметінің хабарлауынша, бейнеролик The New York Times сайтына шыққаннан кейін ондаған онлайн-басылым жарияланымды қайта басып шығарған, ролик вирустық сипатқа ие болды. Олардың ішінде: Huffington Post, The Guardian, Insider.com, Forbes.com, Yahoo.com, Cnet.com, avclub.com, IGN.com, Brobible.com, Entertainment Weekly, The Week, Unilad.co.uk, Stuff.co.nz және басқа да көптеген басылым бар.

Дереккөз: baq.kz

Байланысты жаналықтар

«Борат» фильмнің продюсері қазақстандықтардан кешірім сұрады

11.04.2022

"Борат-2" – үздік комедия, Саша Коэн – үздік актер

01.03.2021

Саша Коэн неге Қазақстанды әжуалағанын айтты

27.10.2020

«Борат-2» фильміне қарсы жастар АҚШ консулдығына барды

23.10.2020

Өкіметтен қайыр жоқ, Борат аман болсын

13.10.2020

"Борат" қазақты тағы мазақ ете ме?

25.08.2020
MalimBlocks
«Борат» фильмнің продюсері қазақстандықтардан кешірім сұрады

Самғар Рақымның «Көше ақыны» фильмі «Ең үздік қысқаметражды фильм» жүлдесін жеңіп алды

"Борат-2" – үздік комедия, Саша Коэн – үздік актер

Саша Коэн неге Қазақстанды әжуалағанын айтты

«Борат-2» фильміне қарсы жастар АҚШ консулдығына барды

Өкіметтен қайыр жоқ, Борат аман болсын

"Борат" қазақты тағы мазақ ете ме?