Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Без рубрики

IX Азаматтық форум аяқталды

malim Авторы: malim
27.11.2020
Share on FacebookShare on Twitter

27 қарашада «Қоғам және мемлекет: «Birgemiz» серіктестік пен дамудың 30 жылы» атты IX Азаматтық форумның пленарлық сессиясы өтті.
Пленарлық сессияның ашылуында Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев мемлекет азаматтық қоғамның тұрақтылығын арттыруға жәрдемдесе беретінін атап өтті.

“Біз Қазақстан азаматтары емін-еркін қауымдастықтарға біріге алуына жан-жақты қолдау көрсете беретін боламыз және мұны негіз қалаушы конституциялық құқығы ретінде қарастырамыз. Ол Қазақстанның саяси жаңғыруының және ілгері қарыштайтын қоғамдық прогресінің маңызды шарты саналады. Сондықтан біз бүгіннен-ақ заңнамамызды өзгертіп, қоғамдық кеңестердің, азаматтық қоғамдық бақылаудың, еріктілердің қызметін күшейтуге бағытталған жаңа заң жобаларын әзірлейміз”, – деді Қ.Көшербаев.

Сонымен қатар, отырыс барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, өңірлік азаматтық сектор өкілдері, саясаттанушы Айдос Сарым, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің хатшысы Алтынай Көбеева, «Атырау. Кішкентай ел» балаларды оңалту орталығының жетекшісі Ерлан Күмісқалиев, «Береке» ҚБ төрайымы Роза Абдуллаева, Nege.kz қазақ тілді порталының директоры  Александр Данилов сөз сөйледі. 

Форум ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауының идеялық мазмұнына сүйенеді, онда азаматтық секторды дамыту мен өркендеудің, олардың мемлекетке деген сенімін арттырудың маңыздылығы аталды.

Аида Балаеваның айтуынша, форум кері байланыстың алуан түрлі тетіктері қолданылған шынайы диалогқа айналды. 40-тан астам түрлі форматтағы онлайн сұқбат алаңдары ұйымдастырылды.
Форумның онлайн алаңдарына 20 000-нан астам адам қатысты, талқылауға 1500-ден астам ҮЕҰ белсенді өкілдері атсалысты.
Орталық мемлекеттік органдардың 12 басшысының салалық кездесулері өткізілді, онда ҮЕҰ өкілдері “еркін микрофон” форматында өздерін толғандыратын сұрақтарға жауап алды.

IX Азаматтық форумның қорытындысы бойынша азаматтық қоғам өкілдерінен 650-ден астам ұсыныстар мен ұсынымдар келіп түсті. Оның ішінде республикалық форумның қорытындысы бойынша – 500-ден астам ұсыным, 17 өңірлік форумның қорытындысы бойынша-150 ұсыныс қабылданды.

Естеріңізге сала кетейік, Азаматтық форум – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен 2003 жылдан бері әрбір екі жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі алаң. Қатысушылардың қауіпсіздігі мақсатында Азаматтық форум онлайн режимге көшірілді, ал делегаттарға ыңғайлы болу үшін мазмұнды бағдарлама бес күн бойы жалғасты.

Tags: Азаматтық форумБалаеваКөшербаев

Ұқсас жазбалар

Балаларды рухани-адамгершілік тәрбиелеу стратегиясы талқыланды

Авторы: malim
12.01.2021
0

12 қаңтарда, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалық етуімен онлайн-форматта «Мeктeпкe дeйiн жәнe мeктeп жacындaғы бaлaлapды pухaни-aдaмгepшiлiк тұрғысынан...

Сайлау комиссиясының мүшелерімен кездесті

Авторы: malim
07.01.2021
0

7 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлауалды партиялық емес бақылау орталығының басшысы, «Нұр» балалар үйі мен мектеп-интернаттары түлектерінің Батыс Қазақстан...

Сайлау бақылаушыларына жадынамалар дайындалды

Авторы: malim
21.12.2020
0

Алматыда алдағы қалалық мәслихат депутаттарын сайлауға дайындық жұмыстары белсенді жүргізілуде. Алматы қаласының азаматтық альянсының сайлауды бақылау жөніндегі қоғамдық орталығы 10...

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Екі әкім тәрбиелеп шыққан Сапарбаев үш әкімге сөгіс жариялады ⠀

23.05.2020

Кең жайлау – жалғыз бесік жас балаға…

06.01.2021
Алматы қаласы, 17.02.2020

Алматыда бейбіт жиын туралы заң талқыланды

17.02.2020

Тоқаевтың бұрынғы әріптесі Орталық сайлау комиссиясына келді

30.04.2020

Еститін мемлекетте Көлгінов неге естімейді?

07.09.2020
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!