Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

1 қаңтардан елшіліктер шетелдіктерге ЖСН беруді доғарады

Қоғам
1 қаңтардан елшіліктер шетелдіктерге ЖСН беруді доғарады
Фото: egov

Ресейдегі Қазақстан Республикасының елшілігі бүгін шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беру тәртібіне қатысты жедел хабарлама жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Елшіліктің Telegram-арнасындағы мәліметке сәйкес, шетелдіктерге ЖСН беру бойынша пилоттық жоба 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін күшінде болады. Ал 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанның шетелдегі мекемелері шетел азаматтарына ЖСН рәсімдеуді тоқтатады.

Сонымен бірге, уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстанға келмей-ақ онлайн форматта бірқатар мемлекеттік қызметтер мен сервистерді алуға мүмкіндік беретін eResidency бағдарламасын іске қосқаны атап өтілген. Бағдарлама аясында ЖСН қамтылған цифрлық ID-карта алу да қарастырылған.

Елшіліктің түсіндіруінше, бұл бастама шетелдіктерге Қазақстанда ресми цифрлық мәртебе рәсімдеп, елдің бизнес мүмкіндіктері мен онлайн сервистерін пайдалануға жол ашады.

eResidency бағдарламасы арқылы мыналарға қол жеткізуге болады:

  • ЖСН көрсетілген цифрлық ID-картаны алу;
  • Қор нарықтарына, криптобиржаларға және қазақстандық нөмірі бар eSIM-ге қол жеткізу;
  • Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) мен сақтандыру қызметтерін рәсімдеу;
  • Қазақстандық карталарды пайдаланып, онлайн банк шоттарын ашу;
  • Төлем қызметтеріне қатысты салықтық резиденттік пен эквайринг мүмкіндіктерін алу.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу