Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

19 адам қаза тапты. Президент резиденциясына шабуыл жасалды

Әлем
19 адам қаза тапты. Президент резиденциясына шабуыл жасалды

Жергілікті биліктің мәліметінше, Чад президентіне шабуылдағы атыс кезінде қаза тапқандардың арасында 18 шабуылшы мен қауіпсіздік қызметінің бір қызметкері бар. Бұл туралы ВВС жазды.     


Шабуылды «Боко Харам» жиһадтық тобының содырлары жасады деген болжам жасалды. Олар бұған дейін үкімет нысандарына соққы жасаған. Биліктің хабарлауынша, шабуылға барлығы 24 адам қатысқан.

— Шабуыл жасаушылардың 18-і қаза тауып, алтауы жарақат алды. Бізде бір адам қаза тауып, үшеуі жараланған, біреуінің жағдайы ауыр, — деді үкімет өкілі және сыртқы істер министрі Абдераман Куламалла AFP-ге.

Агенттік тілшілерінің хабарлауынша, президент резиденциясына апаратын жолдар жабылып, көшелерде танктер жүре бастаған. Шабуыл кезінде Чад президенті Махамат Деби сарайда болған. 

Жергілікті биліктің хабарлауынша, қазір жағдай бақылауға алынды. 

Фото: vartumashvili.com    

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу