Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

50 мың теңгелік бір реттік көмекті кімдер алады?

Сұқбат
50 мың теңгелік бір реттік көмекті кімдер алады?

Пандемия кезінде құрылған «Біргеміз» қоры тағы да 100 мың отбасыға 50 мың теңгеден қаржы таратпақ. Оны кімдер алады?

"Birgemiz" қорының төрағасы Руслан Сакеев 100 мыңнан астам азамат біржолғы материалдық көмекпен қамтылатынын айтады. Оның сөзіне қарағанда,бір реттік атаулы көмекті алушылар 7 санатқа бөлінген.

Тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар; мұқтаж мүгедектер; мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар; ең төменгі зейнетақы алатын және халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жататын зейнеткерлер; жетім балалар (тұл жетім балалар мен асыраушысының бірінен айрылған балалар); Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектер және соларға теңестірілгендер және тыл еңбеккерлері.

Осы жеті санат бойынша көмек алатын азаматтардың тізімі енді жасалады.

"Көмек алушылардың тізімін бұрынғыдай әкімдер ұсынады. Бұл ретте біз бұрын көмек көрсетілмеген азаматтардың алуын қадағалаймыз", - дейді Сакеев.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу