Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"50 жолаушы болған": Ресейде Ан-24 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Әлем
"50 жолаушы болған": Ресейде Ан-24 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Ресейдің ТЖМ-і Ресейдің Амур облысында 24 шілде күні Ан-24 жолаушылар ұшағының сынықтарын тапқанын мәлімдеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта шамамен 50 адам болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Ми-8 тікұшағы жүргізген іздестіру жұмыстары барысында ұшақтың фюзеляжы Тында қаласынан 15 шақырым жерде табылған. "Ұшақтың қалдықтары жануда", – делінген ТЖМ хабарламасында. Құтқарушылар апат орнына жол тартуда.

ТАСС агенттігінің жедел қызметтерге сілтеме жасап хабарлауынша, бортта болған барлық адам қаза тапқан болуы мүмкін. Апаттың негізгі нұсқасы ретінде нашар көрінетін жағдайда қону кезінде экипаж жіберген қателік қарастырылып жатыр.

Апатқа ұшыраған "Ангара" әуе компаниясының Ан-24 ұшағы Хабаровск – Благовещенск – Тында бағыты бойынша ұшып бара жатқан. Аймақ губернаторы Василий Орловтың мәліметінше, бортта 6 экипаж мүшесі және 43 жолаушы, оның ішінде 5 бала болған.

Қазіргі таңда апат себептері анықталып жатыр.

Фото: picture-alliance/dpa

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу