Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

80-нен астам отбасы Шымкенттен солтүстікке көшті

Саясат
80-нен астам отбасы Шымкенттен солтүстікке көшті

83 шымкенттік отбасы солтүстік өңірлеріне көшіп, ерікті қоныс аудару мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары атанды. 

Шымкент сияқты оңтүстік аймақтар дәстүрлі түрде халықтың тығыздығымен ерекшеленеді, ал солтүстік облыстар еңбек ресурстарының тапшылығын сезініп отыр.

Мансап орталығының бөлім басшысы Әлібек Усманов солтүстік өңірлерде мамандардың жетіспеушілігі әсіресе денсаулық сақтау және білім беру салаларында сезілетінін атап өтті. Жыл соңына дейін Шымкенттен тағы 167 отбасын көшіру жоспарланып отыр.

«Қазір қоныс аударушылар саны артып келеді, өйткені жақсы жеңілдіктер бар. Бізге әр екі айда әр түрлі аймақтардан делегаттар келеді. Олар тұрғын үймен қалай қамтамасыз етілетінін, кәсіпкерлік қызмет үшін қандай мүмкіндіктер бар екенін айтады. Қоныс аударушыларға да белгілі талаптар қойылады», - деді Шымкент қаласының Мансап орталығының бөлім басшысы Әлібек Сманов.

Фото: didarmedia.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу