Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Абай облысы: 10 ауыл интернетке қосылады

Қоғам
Абай облысы: 10 ауыл интернетке қосылады
Ақсу ауылдық округінің әкімдігі

Абай облысының әкімдігі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп жаңа технологияның көмегімен бірқатар жоба әзірленіп жатыр. Толығырақ өңір басшысы Берік Уәли айтып берді, деп хабарлайды Malim.kz.  

Олардың қатарында еңбек мобильділігі орталығы үшін онлайн-кезек басқару жүйесі, облыстың киелі орындарының голограммасы, СРM-жүйесі, делдал-бот, AssylAI жобасы, бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналастыруға арналған Jidek.kz порталы, республикалық деңгейде алғаш рет іске қосылған sanminimum.kz автоматтандырылған порталы, — деді Берік Уәли орталық коммуникациялар қызметі алаңында өңірдің 9 ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп бере тұрып.

Әкімнің айтуынша, жоғарыда аталған жобаларды жүзеге асыру үшін сапалы интернетпен қамту қажет. 

— Жыл соңына дейін 10 ауыл интернет желісіне қосылады. 2026 жылдан бастап облыстың 179 ауылын, 343 әлеуметтік нысанды талшықты-оптикалық желіге қосу жоспарланып отыр. Одан бөлек, Jusan Mobile акционерлік қоғамы 26 шалғай ауыл OneWeb спутниктік технологиясы арқылы интернетке қосылады. Келесі жылы ауылды интернет қамту 96%-ға жетеді деп күтіліп отыр. Сонымен қатар, республикалық және облыстық автожолдар бойындағы антенна діңгек құрылысы 2027 жылы толық аяқталады, — деген есеп берді Берік Уәли.

Айта кетсек, жыл соңында дейін Абай облысында 255 жұмыс орнымен қамтитын 7 жоба жүзеге асырылады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу