Әдебиеттанушы, ғалым Сейіт Қасқабасов өмірден өтті

Сейіт Асқарұлы Қасқабасов 1940 жылы 24 маусым күні Семей қаласында дүниеге келген

Сабина Асқарқызы

  • 28.04.2025

Бүгін белгілі әдебиеттанушы, фольклортанушы ғалым, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сейіт Асқарұлы Қасқабасов өмірден өтті. Бұл туралы М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты мәлім етті, деп хабарлайды Malim.kz.

Сейіт Асқарұлы Қасқабасов 1940 жылы 24 маусым күні Семей қаласында дүниеге келген. 1947 жылы Семей қаласының Жаңасемей бөлігіндегі №5 орта мектепке оқуға барады.

1970-1981 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясының Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінде ғылыми хатшысы, әрі «Қазақ КСР Ғылым академиясының Хабарлары» атты журналының жауапты хатшысы.

1981-1983 жылдары Мәскеудегі КСРО Ғылым академиясының М.Горький атындағы Әлем әдебиеті институтында аға ғылыми қызметкер.
1983 жылдан Алматыдағы М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында аға, жетекші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген.
1989 жылы Мәскеу Мемлекеттік университетінде «Қазақ халық прозасының жанрлары» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.

1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде консультант қызметіне тағайындалып, әдебиет және өнер саласына жауапты болған және саяси репрессияға ұшыраған Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов,М.Жұмабаев, М.Дулатов, т.б. арыстарымызды ақтау жұмысына қатысып, қажетті құжаттарды дайындаған.

Байланысты жаналықтар

ШҚО-да Ғылым жөніндегі бірінші өңірлік кеңес өтті

28.04.2025

Тоқаев Сейіт Қасқабасовтың отбасына көңіл айтты

28.04.2025

«Болашақ» бағдарламасына жас шектеуі енгізіледі

16.04.2025

Бүгін – ғылым қызметкерлерінің күні

12.04.2025

Президент бір топ ғалымды мемлекеттік наградамен марапаттады

10.04.2025

Мекемтас Мырзахмет дүниеден өтті

11.01.2025
MalimBlocks
ШҚО-да Ғылым жөніндегі бірінші өңірлік кеңес өтті

Тоқаев Сейіт Қасқабасовтың отбасына көңіл айтты

«Болашақ» бағдарламасына жас шектеуі енгізіледі

Бүгін – ғылым қызметкерлерінің күні

Президент бір топ ғалымды мемлекеттік наградамен марапаттады

Президенттің Жарлығымен бір топ ғалым мемлекеттік наградалармен марапатталды

Мекемтас Мырзахмет дүниеден өтті