457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ақын Қайрат Асқар дүниеден озды

Айтулы ақын, өлең өлкесінде өзіндік орны бар Қайрат Белгібайұлы Асқар 48 жасында дүниеден озды. Ол 1977 жылы 13 қаңтарда Қарағанды облысы, қарқаралы ауданы, Бесоба ауылында өмірге келген.


Қарағанды қаласындағы Н.Нұрмақов атындағы №2 мектеп-интернатында білім алып, 1994-1998 жж. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін аяқтаған. Аталмыш оқу орнын тәмәмдаған соң, өзі біілім алған Н.Нұрмақов атындағы №2 мектеп-интернатында абыроймен ұстаздық қызмет еткен.

2003 жылдан бері Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетіндегі қазақ әдебиетті кафедрасында оқытушы қызметтін атқарған.  Қарағанды қаласының «Болашақ» колледжінің оқытушысы болды.

Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты. Республикалық жыр мүшайраларының бірнеше дүркін жүлдегері.

2011 жылдың маусымында Мәдениет және ақпарат министрлігі тапсырысы бойынша «Дауыс» атты жыр жинағы «Жалын» баспасында жарыққа шықты.

Фото: видеодан скрин 

Бұл туған күн емес, өлген күн - авиация маманы
Аналитика
|
09.06.2025 14:20
2025-06-09 14:20:00

Ең көп оқылған