457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жазушы, публицист Мақсот Ізімұлы өмірден өтті

М.Ізімұлы кейінгі жылдары ұлттық аударма бюросында еңбек етіп, әлемнің ең үздік 100 оқулығын қазақ тіліне аудару жобасы жүзеге асыруға атсалысты

65 жасқа қараған шағында жазушы, публицист, аудармашы Мақсот Ізімұлы өмірден өтті. Бұл туралы фейсбук парақшасында қаламгердің достары, ақын Болат Жетекбай мен журналист Мақсат Тәж-Мұрат жазды, -деп хабарлайды Malim.kz. 

Замандасы Болат Жетекбай досының бақиға көшкенін айтып, жоқтау жырын жариялады.

"..Қара түнде жетті қара хабарың,

Үзіліпті пәнидегі сапарың.

Жадыраған жаз күнінде кім білген,

Күннің көзін қайғы бұлты жабарын...

Кеңістігі Ұрым менен Қырымдай

Жүрегіңде жер қалды ма жырылмай...

Бұл өмірге өкпелеген бетіңнің

Кеткені ме бері қарай бұрылмай?!." деп жазды ол. 

Жазушы Мақсот Ізімұлы 1960 жылы 27 маусымда Атырау облысы Қызылқоға ауданы, Жасқайрат (қазіргі Х.Досмұхамбетов) ауылында дүниеге келген. 1983 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Батыс Қазақстан облысы «Орал өңірі» газетінің, республикалық «Зерде» журналының, «Ана тілі» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі, «Теміржолшы - Железнедорожник», «Аруана» газеттерінің және «Жалын» журналы бас редакторының орынбасары, бас редакторы, бөлім редакторы, «Қазақ энциклопедиясы» редакциясының бөлім меңгерушісі, «Арыс» баспасының бас редакторы, «Астана ақшамы» газетінің әдеби редакторы болды. Алғашқы өлеңдері 1973 жылы республикалық «Қазақстан пионері» газетінде жарияланған. «Аяқталмайтын әңгіме» атты кітаптың, «Бедеріндей кестенің» әңгіме-повесть жинақтарының авторы. М.Ізімұлы кейінгі жылдары ұлттық аударма бюросында еңбек етіп, әлемнің ең үздік 100 оқулығын қазақ тіліне аудару жобасы жүзеге асыруға атсалысты. Malim.kz ұжымы марқұмның жақындары мен жазушылар қауымына көңіл айтады. 

Фото:  adebiportal.kz