Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Air Astana-ның тағы бір ұшағынан ақау шығып, Дели әуежайына қонды

Оқиға
Air Astana-ның тағы бір ұшағынан ақау шығып, Дели әуежайына қонды
Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Алматы-Бангкок бағыты бойынша ұшқан 138 жолаушысы бар Air Astana ұшағы жолда ақау шығып Дели әуежайына қонуға мәжбүр болды. Жолаушылардың айтуынша, ұшақтың сол жақ қозғалысынан тарсыл естіліп, кейін түтін шыға бастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп Malim.kz хабарлайды.

Әуе компаниясы жағдайдаға түсініктеме берді. Оқиға 18 желтоқсанда Алматы-Бангкок бағыты бойынша KC931 рейсін орындайтын ұшағында болған.

“138 жолаушысы бар ұшақ Алматыдан 01:00-де ұшып шығып, штаттық режимде 05:51-де Делиге қонды. Барлық жолаушыға тамақ беріледі, уақытша визалар ресімделді, әуе компаниясы жолаушыларды қонақ үйге орналастыру мәселесін шешіп жатыр. Сонымен қатар Бангкокқа рейсті жалғастыру үшін резервтік борт дайындалуда. Жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі әуе компанияның сөзсіз басымдығы. Air Astana әуе компаниясының Алматыдан Бангкокқа түнгі рейспен ұшып шыққан ұшағы Делиде мәжбүрлі қону жасады. Жолаушылар сол жақ қозғалтқыш жақтан қатты тарсыл естігенін хабарлауда”, – деді компания.

Koza4kov Telegram арнасының мәліметінше, жолаушылар тарсылды байқағаннан кейін ұшақ күрт төмендей бастаған. Ал салонда күйік иісі сезілген. Делиге қонған соң жолаушыларды ұшақ ішінде екі сағаттан астам уақыт күткен. Кейін борттың жарамсыз екенін және әрі қарай ұшпайтынын хабарланған.

Еске салсақ, Алматыдан Астанаға бағыт алған ұшақта төтенше жағдай болып әуежайға қайта қонған еді. Бұл – ұлттық тасымалдаушы ұшағымен қатарынан болған екінші оқиға.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу