freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қызды құтқарамын деп қаза тапқан жігіттің артында алты баласы қалды

Оқиға •
Қызды құтқарамын деп қаза тапқан жігіттің артында алты баласы қалды

Қаза болған Н.Бердіғалиев Ақтөбе облысы Байғанин балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы болған, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі. Бұл туралы Malim.kz  Kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 


Облыс әкімінің баспасөз қызметі қызды құдықтан алып шықпақ болып қаза болған азамат туралы ақпарат таратты. Белгілі болғандай, Н.Бердіғалиев Байғанин балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы болған. Марқұмның артында алты баласы қалды.

— Н.Бердіғалиев 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап Жарлы ауылына қоныс аударып, еркін күрес жаттықтырушы қызметін бастады. Сол уақыттан өмірінің соңына дейін 40-қа жуық Республика, облыстық деңгейдегі жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын дайындады. Сонымен қатар 20 шәкірті Қазақстан Республикасының «Спорт шеберлігіне үміткер» нормативін орындады. Оның артында 6 баласы қалды, — делінген хабарламада.

Еске салсақ, 17 маусымда Байғанин ауданына қарасты Көлтабан ауылдық округіндегі Жарлы ауылында, үй ауласында орналасқан тереңдігі шамамен 10 метр, қоқысқа толы құдыққа 9 жастағы қыз бала құлап кеткен. Балақайды құтқармақ болған 1987 жылы туған ер адам құдыққа түскен, алайда қайта шыға алмаған.

Фото: Indian express

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу