freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әкесі қызына деп ай сайын 100 доллардан жинады: Ақыр соңында ол миллионер атанып шықты

Оқиға
Әкесі қызына деп ай сайын 100 доллардан жинады: Ақыр соңында ол миллионер атанып шықты
Malim.kz коллажы

Қазіргі заманда ата-ананың баласына қалдыратын ең үлкен мұрасы – тек білім мен тәрбие емес, қаржылық сауат екені жиі айтыла бастады. Баланың болашағын алдын ала ойлап, ұзақмерзімді жоспар құру – кез келген ата-анаға оңай шаруа емес. Алайда инвестор, қаржы кеңесшісі Владимир Савенок бұл мысалды нақты іспен жоққа шығарды, деп Malim.kz тілшісі Digitalbusiness.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол 20 жылдан астам уақыт бойы ай сайын небәрі 100 доллардан салып, қызының болашағына үлкен "инвестиция" жасап отырды. Бұл тәжірибе бүгінде қарапайым адамдар үшін де үлгі бола алатын нақты мысалға айналды.

"Мен саған бір миллион доллар сыйлаймын"

2003 жылы Владимир Савенок үш жасар қызы Алисияға:

"Мен саған бір миллион доллар сыйлаймын", – дейді.

Әрине, бала үшін бұл сөздің мағынасы түсініксіз еді. Бірақ сол сәттен бастап әкесі нақты жоспарға кірісті. Ол алғашқы қадамын 1200 долларды АҚШ-тың 500 ірі компаниясын қамтитын SPDR S&P 500 индекс қорына салудан бастайды. Кейін бұл әрекетті жыл сайын қайталап, ай сайынғы 100 долларлық инвестицияға айналдырды.

Стратегияның мәні неде?

Бұл эксперименттің басты ерекшелігі – аса күрделі емес, қарапайым болуы.

Владимир Савенок ешқандай алып-сатарлыққа, күнделікті нарық талдауына, "қай акция өседі?" деген болжамдарға жүгінбеген. Оның негізгі қағидалары тәртіп, уақыт, жүйелілік. Автордың өзі бұл әдісті "жалықтырса да, бірақ ең тиімді стратегия" деп сипаттайды.

Дағдарыс кезіндегі сынақ

Эксперимент әрдайым оң нәтиже бермеді. 2008 жылғы әлемдік қаржы дағдарысы инвестордың жоспарына да әсер етті. Сол кезде есеп бойынша Алисияның шотында шамамен 9 500 доллар болуы керек еді. Ал нақты сома 6 900 доллар ғана болды. Ең қызығы – сол уақытқа дейін салынған қаржы 7 200 доллардан асқан.

Яғни, бірнеше жыл бойы салған инвестициясы керісінше төмендеп кетті. Осы сәтте көп адам "бәрін шешіп алайын", "жүйе жұмыс істемейді", "уақытты бекер жоғалттым" деп тоқтап қалар еді. Бірақ әкесі тоқтамады.

Күрделі пайыздың шынайы күші

Автордың айтуынша, күрделі пайыз бір-екі жылда емес, кемінде 10 жылдан кейін ғана сезіледі. Ал шыдамсыз адамдар дәл осы тұста қателеседі.

23 жылдық нәтижелер (2025 жылдың соңына дейін):

  • Жалпы салынған қаражат: 28 476 доллар
  • Шоттағы жинақ: 137 822 доллар
  • Тек пайыздан түскен табыс: 109 346 доллар
  • Орташа жылдық табыстылық: 11,7%

Бұл жерде ең маңыздысы – табыстың басым бөлігі инвестиция көлемінен емес, капитализациядан, яғни пайыздың пайызынан құралған.

Жоспар бойынша қандай нәтиже күтілді?

Алдын ала есеп мынадай болған:

  • 10 жылда – 18 800 $
  • 20 жылда – 59 000 $
  • 40 жылда – 336 000 $
  • 54 жылда – 1 000 000 $

Эксперимент әлі аяқталған жоқ. Бірақ қазіргі нәтиженің өзі ұзақмерзімді инвестицияның тиімділігін айқын көрсетіп отыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу