1000-ға 1000: Ресей мен Украина бір-біріне қанша әскери тұтқын қайтарды

2024 жылғы 24 мамырда Ресей мен Украина арасында тұтқындармен алмасудың екінші кезеңі өтті. Екі тарап 307 әскери тұтқынды бір-біріне қайтарып, Стамбулда 16 мамырда қол жеткізілген келісімдерге сәйкес әрекет етті, деп хабарлайды Malim.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.
Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қайтарылған ресейлік әскери қызметкерлер қазіргі уақытта Беларусь аумағында, онда оларға медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Кейін олар Ресей Федерациясына жеткізіліп, әрі қарайғы ем-дом мен оңалту шараларынан өтеді.
Украина президенті Владимир Зеленский бұл ақпаратты растады:
«Тағы 307 украиналық қорғаушы үйіне оралды. Бүгін Түркияда келісілген “1000 адамға 1000 адам” форматы бойынша екінші күн. Тек осы екі күнде 697 азаматымызды қайтардық. Ертең тағы да жалғасады деп күтеміз», – деп жазды ол Telegram-арнасында.
Зеленскийдің айтуынша, 24 мамырда босатылғандардың қатарында Қарулы күштер, Шекара қызметі және Ұлттық гвардия сарбаздары бар.
Бұған дейін, 23 мамырда, Ресей мен Украина 270 әскери қызметкер мен 120 бейбіт тұрғыннан тұратын 390 адамды өзара алмастырған болатын. Ауқымды алмасу 24 және 25 мамыр күндері жалғасады деп жоспарланып отыр.
Фото: Ukraine's President Volodymyr Zelenskiy via Telegram/REUTERS