457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әлем бойынша жаңа пандемия басталуы мүмкін - ДДСҰ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус әлемде жаңа пандемия ертең басталуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның сөздері ДДСҰ-ның ресми сайтында жарияланды.

“COVID-19 пандемиясы қазір алыстағы естелікке айналғандай, оның орнын қақтығыстар, геосаяси және экономикалық күйзелістер басты. Бірақ келесі пандемия бәрі тұрақтанғанша күтіп тұрмайды”, – деді Гебрейесус.

Ол сондай-ақ келесі пандемия 20 жылдан кейін де, ертең де басталуы мүмкін екенін атап өтті.

Сондықтан барлығы оған дайын болуы керек. Бас директор елдерді ДДСҰ-ның пандемия жөніндегі келісіміне белсенді қатысуға шақырды.

Фото: pixabay