Бейнеу мектебіндегі оқушылар неден уланғаны анықталды

Арман Қайыпхан

  • 12.04.2025

Маңғыстау облысы Бейнеу ауылындағы мектеп асханасының қызметкерлерінің бірінен стафилококк бактериясы анықталды. Тағы екі қызметкер уақтылы медициналық тексеруден өтпеген, деп хабарлайды Malim.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Сонымен қатар, алынған сынамаларда ішек таяқшасы тобына жататын бактериялар табылған.

Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхтар Сербаевтың айтуынша, Бейнеу ауданындағы Манашы орта мектебінде оқушылардың жаппай улануынан кейін жүргізілген тексеру нәтижесінде, ас блогының 10 қызметкерінің бірінен стафилококк анықталған. Тағы екі адам міндетті медициналық тексеруден уақтылы өтпегені белгілі болды.

Зертханалық талдаулар алты дайын тағам үлгісінде зиянды бактериялардың барын көрсеткен. Сондай-ақ, қоймалардың мақсатсыз пайдаланылғаны анықталды – мысалы, көкөністер сақталуы тиіс қоймада дәнді дақылдар болған. Тоғыз сынамада ішек таяқшасы тобына жататын бактериялар табылды. Асханада уақтылы ылғалды тазалау жүргізілмеген, қабырғаларда жарықтар болған – бұл да санитарлық нормаларға қайшы.

Барлық материалдар полицияға берілді, онда сотқа дейінгі тергеу ашу туралы шешім қабылданатын болады. Қазіргі уақытта асхана жабылды, ал балалар сабаққа қатысып жүр, – деді Мұхтар Сербаев.

Еске салсақ, оқушылардың улануы туралы оқиға 1 сәуір күні белгілі болған. Балалар жүрек айнуы, құсу және әлсіздікке шағымданған. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада уланудан кейін түнде асхана қызметкерлері ғимаратты жудырып, азық-түлікті сыртқа шығарып жатқан сәттері түсірілген деп көрсетіледі.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Оқушылар жазда мұражайлар мен театрларға тегін кіре алады

20.05.2025

Биыл оқу жылын қанша оқушы аяқтайды?

20.05.2025

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

08.05.2025
MalimBlocks
Оқушылар жазда мұражайлар мен театрларға тегін кіре алады

Биыл оқу жылын қанша оқушы аяқтайды?

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады