Анкара мэрі қамауға алынған Экрем Имамоглуны "президент" деп, Түркиядағы наразылықтарға қосылды

Анкара мэрі Мансур Яваш Ыстамбұл мэриясы ғимаратының алдында өткен наразылық акцияларына қатысты

Сұлу Бөлек

  • 21.03.2025

Анкара мэрі Мансур Яваш Ыстамбұл мэриясы ғимаратының алдында өткен наразылық акцияларына қатысты, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі.

Түркия астанасының мэрі Мансур Яваш 21 наурыз түнінде әлеуметтік желіде Ыстамбұл мэриясының алдында, Сарачхане тарихи ауданында жүргенін мәлімдеді. Бұл жерде қала мэрі Экрем Имамоглуның ұсталуына қарсы ауқымды наразылық акциясы өткен.

Бұған дейін Яваш Ыстамбұлға бара жатқанын айтып, Республикалық халықтық партиясының мүшесі ретінде парламенттік топты, провинциялар басшыларын, мэрлерді және партияның барлық мүшелерін қолдайтынын айтқан еді. Өз жазбасында ол қамауға алынған Имамоглуны "біздің президентіміз" деп атады.

Ыстамбұлдағы наразылыққа Республикалық халықтық партиясының төрағасы Өзгүр Өзел де қатысты.

Еске салайық, Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглу 19 наурызда сыбайлас жемқорлық, парақорлық және сатып алу ісімен айналысатын ұйымға қатысы бар деген күдікпен қамауға алынды. Ол және оның жақтастары полицияда 4 күн бойы қамауда болады. Осы жағдайдан кейін Ыстамбұлда жаппай тәртіпсіздіктердің алдын алу мақсатында көлік қозғалысына және кейбір метро желілерінің жұмысына шектеу қойылды.

Алайда 23 наурызға дейін наразылық шерулеріне тыйым салынғанына қарамастан, Ыстамбұл, Анкара, Измир және басқа қалалардың тұрғындары оппозиция жетекшісін қолдап көшеге шықты.

Түркия президенті кеше оппозицияны полиция мен сот жүйесіне саяси қысым көрсетуге тырысты деп айыптады.

Экрем Имамоглу мен Мансур Яваш. Фото: dia images/Getty Images

Байланысты жаналықтар

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

15.05.2025

Зеленский Анкараға жетті

15.05.2025
MalimBlocks
Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

Зеленский Анкараға жетті