freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ұлытау облысының әкімі «Қазақмыс» Тобының өңірдегі негізгі өндірістік және әлеуметтікнысандарымен танысты

Қоғам
Ұлытау облысының әкімі «Қазақмыс» Тобының өңірдегі негізгі өндірістік және әлеуметтікнысандарымен танысты
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен бастаған облысәкімдігінің делегациясы  «Қазақмыс» Тобының өңірдегі негізгі өндірістік, салынып жатқан және әлеуметтік нысандарын аралады, деп хабарлайды Malim.kz.

Өңір басшысымен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі және компанияның бейінді бағыттарының басшылары біргежүрді.

Сапар бағдарламасындағы алғашқы өндірістік нысан БатысЖезқазған кенішінің №67 шахтасы болды. Мұнда облысәкіміне кен өндірудің технологиялық үдерісі, заманауижерасты техникасының жұмысы және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің қолданыстағы стандарттары таныстырылды.

Бұдан кейін делегация «Қазақмыс Барлау» ЖШС-ның бұрғылау алаңына барды. Мұнда Басқарма төрағасының орынбасары – геологиялық барлау жөніндегі бас операциялық директор Ғалым Нұржанов заманауи бұрғылау қондырғыларының жұмысымен таныстырып, компанияның геологиялық барлау бағдарламасының іске асырылу барысытуралы баяндады. Бүгінде Ұлытау облысында өңірдің минералдық-шикізат қорын толықтыруға бағытталған ауқымды геологиялық барлау бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында 50 мың қума метрден астамаумаққа бұрғылау жұмысын жүргізу жоспарланған.

Сапар барысында облыс әкімі Сәтбаев қалалық ауруханасыжанынан салынып жатқан жаңа травматологиялық пункттің құрылысымен танысты. Жаңа нысан қала тұрғындары мен кәсіпорын жұмыскерлері үшін шұғыл медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Нысанды пайдалануға беру 2027 жылға жоспарланған.

Осыдан соң делегация Сәтбаев қаласындағы Кенші даңқы алаңына барып,  жүргізіліп жатқан жөндеу және абаттандыру жұмысымен танысты. Жаңартылған алаң кеншілер еңбегіне көрсетілген құрметтің белгісі ретіндеқала тұрғындарының басын қосатын заманауи қоғамдық кеңістікке және түрлі мәдени-көпшілік іс-шара өтетін орынға айналмақ.

Сапар бағдарламасы бойынша тағы бір нысан салыныпжатқан геологиялық кластер болды. «Қазақмыс» өкілдері «Ұлытау университеті» КЕАҚ вице-ректоры Дәрмен Ташатовпен бірге тау-кен саласына жоғары білікті мамандаярлауға бағытталған заманауи ғылыми-білім беру базасының жобасын таныстырды.

Бұдан кейін облыс әкімі NAMYS спорт кешенінде болып, нысанның қызметімен және балалар мен жасөспірімдер спорт академиясын ашу жоспарымен танысты. Құны 8,1 млрд. теңгені құрайтын жоба аясында ауданы 5 мың шаршыметрден асатын, 150-200 тәрбиеленушіге арналған заманауикешен салу көзделген. Академияның ашылуы 2026 жылдың қыркүйек айына жоспарланған.

Осыдан соң өңір басшысы «Жастар» саябағын қайта жаңғырту жұмысымен танысты. Құны 4,9 млрд. теңгені құрайтын жоба аясында жаяу серуендеу және велосипед жолдары, субұрқақ пен заманауи балалар ойын алаңдары салынып, көгалдандыру жұмысы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта демонтаж жұмысы аяқталып, абаттандырудың негізгі кезеңіне дайындық жүргізілуде. Қайта жаңғырту жұмысын 2026 жылдың қазан айында аяқтау көзделіп отыр.

Сапар қорытындысында тараптар Ұлытау облысындаөнеркәсіп, геологиялық барлау, әлеуметтік инфрақұрылым, денсаулық сақтау және білім беру салаларын дамытужөніндегі ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ниеттіекендерін растады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу