freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Полиция «Қайрат» – «Ордабасы» матчы алдында ескерту жасады

Қоғам
Полиция «Қайрат» – «Ордабасы» матчы алдында ескерту жасады
Фото: ІІМ

Алматы қаласының полициясы «Қайрат» пен «Ордабасы» арасындағы футбол матчы қарсаңында жанкүйерлерді қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Матч кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полицияның күшейтілген жасағы, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері және өзге де қызметтер жұмылдырылады. Сондай-ақ стадион аумағында бейнебақылау жүйелері күшейтіледі.

Тәртіп сақшылары жанкүйерлерден арандатуға ермеуді, заң талаптарын сақтауды, қарсылас команда мен өзге көрермендерге құрметпен қарауды сұрады. Полиция агрессивті әрекеттерге, тыйым салынған атрибутиканы пайдалануға, былапыт сөз айтуға және жанжал шығаруға заң аясында шара қолданылатынын ескертті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу