АҚШ Әзірбайжан билігін құқық қорғаушыларды босатуға шақырды

Malim Админ

  • 12.12.2024

Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкеннің мәлімдемесінде, құқық қорғаушыларды қамау мәселесінен бөлек, Әзірбайжандағы азаматтық қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарына қысымның күшеюіне де алаңдаушылық білдірілді.

АҚШ Әзірбайжан үкіметін Руфат Сафаровты, Севиндж Вагифгизиді, Азер Гасимлиді, Фарид Мехрализаданы, Бахтияр Гаджиевті, Губад Ибадоғлуды, жақында ұсталған Meydan TV тәуелсіз телеарнасының қызметкерлерін және адам құқығын қорғағаны үшін қамауға алынған басқа да көптеген азаматтарды дереу босатуға шақырды.

Руфат Сафаров – «Қорғау сызығы» қоғамдық ұйымының құрылтайшыларының бірі. Бұл ұйым саяси тұтқындаулар мен қудалаулар, үкіметтегі жемқорлық және азаптаулар туралы айыптауларды құжаттаумен айналысады. Әзірбайжан билігі Сафаровты АҚШ-қа Мемлекеттік хатшының адам құқықтары жөніндегі сыйлығын алу үшін барар алдында, 3 желтоқсанда ұстады.

«Abzas Media» бас редакторы Севиндж Вагифгизи мен оның командасы мемлекеттік шенеуніктердің бақылауындағы компаниялар өткізген заңсыз тендерлер туралы баяндап, мемлекет қаржысын ірі көлемде жымқыру фактілерін әшкерелеген.

Оның жұмысы биліктің ашуын тудырып, 2023 жылдың қарашасынан бері тергеу изоляторында отыр. 9 желтоқсанда Вагифгизи ханым Мемлекеттік хатшының қолынан 2024 жылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес чемпионы сыйлығын сырттай алды.

«Біз Әзірбайжан үкіметін адам құқығын қорғағаны үшін әділетсіз ұсталғандарды босатуға, азаматтық қоғамға қарсы репрессияны тоқтатуға, барлық адамдардың адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеуге және Еуропадағы ынтымақтастық және Қауіпсіздік ұйымына кіру кезінде алған міндеттемелерін орындауға шақырамыз», - деді  Блинкин. 

Фото: usembassy.gov

Байланысты жаналықтар

Депутат «Азаттық радиосын» жабуды ұсынды

12.02.2025

Ақтау маңындағы ұшақ апатының барлық дәлелі жиналды - Әзірбайжан Бас прокуроры

20.01.2025

Әзірбайжан Ресей азаматтарының елде болу мерзімін өзгертпек

28.12.2024

Әзірбайжан саяси сарапшысы: Ресей Әзірбайжан халқынан ресми түрде кешірім сұрауы керек

27.12.2024

Ұшақ апаты: Каспий теңізіне гүл шоқтары жіберілді

27.12.2024

Олжас Бектенов Әзербайжан елшілігіне барып көңіл айтты

26.12.2024
MalimBlocks
Депутат «Азаттық радиосын» жабуды ұсынды

Ақтау маңындағы ұшақ апатының барлық дәлелі жиналды - Әзірбайжан Бас прокуроры

Ұшақ апаты бойынша үш елде бірдей қылмыстық іс қозғалған

Әзірбайжан Ресей азаматтарының елде болу мерзімін өзгертпек

Бұл шара Ресейдің әрекетіне сай қолға алынып отыр

Әзірбайжан саяси сарапшысы: Ресей Әзірбайжан халқынан ресми түрде кешірім сұрауы керек

Мойындаса, одақтас санайтын Әзірбайжан қоғамында жеккөрушілік сезімін азайтатын болады. Мойындамаса, тіпті стратегиялық серіктестің сенімсіз екенін, Әзірбайжан қоғамы жек көруге лайықты екенін көрсетеді

Ұшақ апаты: Каспий теңізіне гүл шоқтары жіберілді

Теңізшілер бұл жалпыға ортақ қасірет екенін жеткізді

Олжас Бектенов Әзербайжан елшілігіне барып көңіл айтты