Әзірбайжан Ресей азаматтарының елде болу мерзімін өзгертпек

Бұл шара Ресейдің әрекетіне сай қолға алынып отыр

Мәди Саматұлы

  • 28.12.2024

Әзірбайжан Ресей азаматтарының ел аумағында уақытша болу мерзіміне қатысты өзгеріс енгізбек. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айхан Гаджизаде тілшілер сұрағына берген жауабында айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның сөзінше, Ресей тарапынан енгізілген жаңа ережелер мен болу мерзімінің қысқаруы, ең алдымен, Әзірбайжан азаматтарының құқықтарын қорғау тұрғысынан қарастырылды.

Уақытша болу және миграция мәселелерінде, сондай-ақ, сыртқы саясаттағы басқа да мәселелерде, Әзірбайжан тарапы өз саясатында теңдестік пен өзара келісім қағидаларын басшылыққа алады. Осыған байланысты, жақын арада Ресей азаматтарының Әзірбайжан аумағында уақытша болу мерзіміне қатысты ережелерге өзгерістер енгізу жоспарланып отыр, деді ол.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Ресейдің ресми өкілі өз мәлімдемесінде заңнамаға енгізілген бірқатар өзгерістерге сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап шетелдік азаматтардың Ресей аумағында уақытша болу мерзімі жылына 90 күнмен шектелетінін хабарлаған. Сондай-ақ, шетелдіктердің Ресейге мемлекеттік шекараны кесіп өткен күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде тіркелуі қажеттігін атап өткен. Қазір бұл мерзім 180 күн ішінде 90 күнді және 1 жыл ішінде 180 күнді құрайды.

Фото: zerkalo.az

Байланысты жаналықтар

Мәскеуде танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров ұсталды

19.05.2025

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

18.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025
MalimBlocks
Мәскеуде танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров ұсталды

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті