Ұшақ апаты: Каспий теңізіне гүл шоқтары жіберілді

Теңізшілер бұл жалпыға ортақ қасірет екенін жеткізді

Сабина Асқарқызы

  • 27.12.2024

Маңғыстау облысында ұшақ апатынан қаза тапқандар құрметіне Каспий теңізіне гүл шоқтары жіберілді, деп хабарлайды Malim.kz

26 желтоқсан күні Ақтау, Құрық және Баутино порттарында ұшақ апатынан қаза тапқандарды еске алу және оларға құрмет белгісі ретінде Каспий теңізіне аза тұту гүл шоқтары жіберілді.
Теңізшілер бұл жалпыға ортақ қасірет екенін жеткізді.

Бұл - жантүгершілік ұшақ апатынан қаза тапқандардың барлығына құрмет белгісі болмақ. Бұл соңғы жылдардағы ең қайғылы оқиғалардың бірі, бірнеше адам қайтыс болды. Олардың қатарында балалар да бар. Қайтыс болғандардың жақындарының сезімдері түсінікті, біз сіздермен біргеміз. Біз қамкөңіл жандардың қайғысына ортақпыз, - деп атап өтті еске алу шарасына қатысушылар.

Құрық портындағы әзірбайжандық «Zarifa Aliyeva» паромында да осындай рәсім өтті, онда кәсіпорын қызметкерлері, аудан әкімдігі және БАҚ өкілдері жиналды. «Құрық Порт» ЖШС директоры Серік Ахметов ұшақ апатын бүкіл елді дүр сілкіндірген қайғылы оқиға деп атады. Ол қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

Осындай іс-шара Баутино портында да өтті, онда ондаған адам жиналды. Олар бір минут үнсіздікпен қаза тапқандарды еске алып, аймақ тұрғындары, оның ішінде теңізшілер де зардап шеккендерге кез келген уақытта барлық қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Байланысты жаналықтар

Әзербайжан ұшақ апаты бойынша Ресейді сотқа беруге дайындалып жатыр

07.02.2025

Ақтаудағы Алинаның өлімі: Рәсімделген несиені кім төлейді

04.02.2025

Елге қайтарылған ақша есебінен Ақтауда медициналық орталық салынады

01.02.2025

Ақтаудағы спортшы қызға зорлық көрсеткен 5 жігітке сот қайта үкім кесті

31.01.2025

Ақтаудағы ұшақ апаты: тергеудің алдын ала есебі келесі аптада жариялануы мүмкін

24.01.2025

Ақтау маңындағы ұшақ апатының барлық дәлелі жиналды - Әзірбайжан Бас прокуроры

20.01.2025
MalimBlocks
Әзербайжан ұшақ апаты бойынша Ресейді сотқа беруге дайындалып жатыр

Ақтаудағы Алинаның өлімі: Рәсімделген несиені кім төлейді

Елге қайтарылған ақша есебінен Ақтауда медициналық орталық салынады

Ақтаудағы спортшы қызға зорлық көрсеткен 5 жігітке сот қайта үкім кесті

Басты айыпталушы Нұргелді Сейітқалиев өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Ақтаудағы ұшақ апаты: тергеудің алдын ала есебі келесі аптада жариялануы мүмкін

Есепте авиациялық биліктердің әуе оқиғасын тергеу мәліметтері берілуі тиіс

Ақтау маңындағы ұшақ апатының барлық дәлелі жиналды - Әзірбайжан Бас прокуроры

Ұшақ апаты бойынша үш елде бірдей қылмыстық іс қозғалған