АҚШ билігі Қырымды Ресей жері деп тануға дайын

АҚШ Қырым Мәскеу мен Киев арасындағы кеңейтілген бейбіт келісімнің бір бөлігі болса, онда оны Ресейдің бір бөлігі ретінде мойындауға дайын екенін айтты

Сұлу Бөлек

  • 19.04.2025

АҚШ Қырым Мәскеу мен Киев арасындағы кеңейтілген бейбіт келісімнің бір бөлігі болса, онда оны Ресейдің бір бөлігі ретінде мойындауға дайын екенін айтты, - хабарлайды Malim.kz-ке Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік дереккөздерінің айтуынша, бұл қадам АҚШ президенті Дональд Трамптың атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізуге ұмтылып отырғанын білдіреді.

Бұған дейін, 18 сәуірде Трамп пен мемлекеттік хатшы Марко Рубио егер жақын арада өзгеріс болмаса, АҚШ бейбіт реттеу процесінен шығып кетуі мүмкін екенін мәлімдеген еді.

Bloomberg Қырымды мойындау халықаралық құқыққа және келісімдерге қайшы келетінін атап өтті.

"Бұл күш қолдану арқылы жер басып алуға тыйым салатын халықаралық заңдар мен келісімдерді бұзуы мүмкін. Украина президенті Владимир Зеленский Қырымды Мәскеуге бермейтінін бірнеше рет мәлімдеді. Дегенмен бұл қадам Ресей президенті Владимир Путин үшін тиімді болар еді, себебі ол көптен бері Қырымда Ресейдің егемендігін халықаралық деңгейде мойындатуға тырысып келеді", – делінген мақалада.

Агенттік дереккөздерінің айтуынша, бұл мәселеге қатысты түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ. 

Бұған дейін Bloomberg АҚШ-тың Ресей мен Украина арасында бейбіт келісім жасауға қатысты одақтастарына ұсыныс білдіргенін жазған. Ұсыныстар арасында: Ресей бақылауына өткен жерлерді сол күйінде қалдыру, Ресейге қарсы санкцияларды жеңілдету, Украинаның НАТО-ға мүше болуға ұмтылысын күн тәртібінен алып тастау бар.

Агенттікпен әңгімелескен еуропалық шенеуніктердің бірі Еуропа одақтастары Украинаның Ресейге өткен территорияларын ресейлік деп мойындамайтынын айтты.

Қырымды Ресейдің құрамына енгізуді әлемнің көпшілік мемлекеті мойындаған жоқ. Бұл сондай-ақ Ресей 2022 жылдың күзіне қарай референдумнан кейін өз құрамына қосқан Донбасс республикаларына, Херсон және Запорожье облыстарына да қатысты. Мәскеу бұл аумақтарға қатысты мәселені жабық деп есептейді, ал Украина билігі Ресейдің бұл аймақтарға бақылау орнатуын мойындаудан үзілді-кесілді бас тартады.

Фото: Сергей Мальгавко / ТАСС

Байланысты жаналықтар

Путин Украинаға қарсы атысты тоқтататынын айтты. Зеленский не дейді?

19.04.2025

Тоқаев Ресейдің Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады

19.04.2025

АҚШ-тың Йемендегі мұнай портына жасаған соққысынан 74 адам мерт болды

19.04.2025

Мәскеу мен Киев қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерімен алмасты

18.04.2025

АҚШ Украина мен Ресей арасындағы келіссөздерден шығып кетуі мүмкін

18.04.2025

Екі жасөспірім Украинадағы соғыс туралы видео үшін сотталды

17.04.2025
MalimBlocks
Путин Украинаға қарсы атысты тоқтататынын айтты. Зеленский не дейді?

Ресей президенті Владимир Путин Пасха мерекесіне орай соғыс әрекеттерін уақытша тоқтататынын айтты

Тоқаев Ресейдің Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады

АҚШ-тың Йемендегі мұнай портына жасаған соққысынан 74 адам мерт болды

Министрлік мәліметінше, шабуылдан 171 адам жарақат алған

Мәскеу мен Киев қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерімен алмасты

АҚШ Украина мен Ресей арасындағы келіссөздерден шығып кетуі мүмкін

Екі жасөспірім Украинадағы соғыс туралы видео үшін сотталды