freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ-тағы мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды

Әлем
АҚШ-тағы мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды
Anadolu Ajansi

АҚШ-тың Техас штатындағы Порт-Артур қаласында орналасқан мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Anadolu.

Порт-Артур полиция департаментінің мәліметінше, Valero Energy компаниясына тиесілі зауыттағы жарылыстан кейін өрт шыққан.

Қала мэрі Шарлотта М. Мозес жарылыс салдарынан ешкім зардап шекпегенін айтты. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі жіберіліп, жалынды оқшаулау жұмыстары жүргізілді.

Билік қаладағы батыс аудандардың тұрғындарына қауіпсіздік мақсатында үйлерінде қалуды ұсынды.

Жарылыстың нақты себебі әзірге анықталған жоқ.

Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазбаларда зауыт үстінен қою түтін көтерілгені байқалады.

Valero Energy сайтындағы мәліметке сәйкес, кәсіпорында шамамен 770 адам жұмыс істейді, тәуліктік өңдеу қуаты 435 мың баррель мұнайды құрайды.

Еске салайық, бұған дейін Иран Ормуз бұғазын толық жабатынын мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін бұғаз 48 сағат ішінде ашылмаса, Иранның электр станцияларын «жойып жіберетінін» ескерткен еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу