freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда тұманға байланысты трассалар жабылды

Экология
Қазақстанда тұманға байланысты трассалар жабылды
Фото: pixabay

Қалың тұманға байланысты Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарындағы бірқатар тасжол учаскелері жабылды, деп хабарлайды Malim.kz «ҚазАвтоЖолға» сілтеме жасап.

2026 жылғы 24 наурыз сағат 20:00-де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың келесі учаскелерінде барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді:

Қарағанды облысы:

— Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті автожолының 970–1135 шақырым аралығы, Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін.

Павлодар облысы:

— Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті автожолының 1135–1206 шақырым аралығы, Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті кентіне дейін.

Жолды ашу болжамды уақыты — 2026 жылғы 25 наурыз сағат 08:00.

2026 жылғы 24 наурыз сағат 20:30-да ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың келесі учаскелерінде барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді:

Ақмола облысы:

— Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — Ресей шекарасы автожолының 16–200 шақырым аралығы, Астанадан Павлодар облысының шекарасына дейін.

Павлодар облысы:

— Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — Ресей шекарасы автожолының 200–254 шақырым аралығы, Ақмола облысының шекарасынан Шідерті кентіне дейін.

Жолды ашу болжамды уақыты — 2026 жылғы 25 наурыз сағат 08:00.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу