freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Жаның жәннатта болсын! Кешір бізді": Әнші Бағлан Әбдірайымов жан тебірентерлік жазбасын жариялады (ФОТО)

Қоғам
"Жаның жәннатта болсын! Кешір бізді": Әнші Бағлан Әбдірайымов жан тебірентерлік жазбасын жариялады (ФОТО)
Ашық дереккөзден. Суретте: Бағлан Әбдірайымов

"Жігіттер" тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов марқұм досы Нәби Аймұратовты еске алып, әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі досына деген сағынышын жеткізіп, өткен күндерді еске алды.

"Өмір деген осы екен. Сен кеткенде жыладық. Қимай, ұзақ уақыт ұмыта алмай жүрдік. Әніңді естісек көңіліміз босап кететін. Қызылордаға барсақ үйіңе соғып, ата-анаңа сәлем беріп, Құран бағыштап қайтатын едік. Достарың көп еді. Өзің жұлдыз едің, жарық едің. Бірақ уақыт бәрін өз ағысымен алып кетті. Бәрі де артта қалды. Тіпті кейде еске алмайтын күндер де көбейді. Өмір өтіп жатыр. Жаның жәннатта болсын, досым. Кешір бізді... Өлмейтіндей жүргеніміз үшін кешір", – деп жазды әнші.

"Жігіттер" – қазақ эстрадасындағы танымал музыкалық топтардың бірі. Бұл топ 2003 жылы Шымкент қаласында құрылған. Ұжым төрт жігіттен құралған квартет ретінде өнер жолын бастады. Топтың алғашқы құрамына Ердос Қанаев, Бағлан Әбдірайымов, Айдар Байжанов және Мырзахан Маханов кірді. Олар қазақ тілінде лирикалық және эстрадалық әндер орындайды.

Топтың өнердегі алғашқы үлкен жетістігі – "Арай-2003" байқауында бас жүлде алуы болды. Осы байқаудан кейін "Жігіттер" тобының танымалдығы арта түсті. Әсіресе "Ерке қыз" әні халық арасында кеңінен таралып, топтың визит карточкасына айналды. Бұл әнге түсірілген бейнебаян да көрермендердің көңілінен шықты.

Топ мүшелері өнердегі ұстаздары Әбдіхан Нұрмағанбетовтың жетекшілігімен шыңдалды. Кейін продюсер Ерғали Әбдірайымовтың қолдауымен Алматыға көшіп, үлкен сахнаға жол ашты. Осылайша олар кәсіби деңгейде өнер көрсетіп, елге танылды.

"Жігіттер" тобы өз сұхбаттарының бірінде олардың достығы бала кезден басталғанын айтқан. Олар "бізді есейткен – сахна" деп шығармашылықтың өмірлеріндегі маңызын атап өткен. Жылдар өте келе топ мүшелері жеке өмірде де отбасын құрып, бір-бір шаңырақтың иесіне айналды.

Бүгінде топтың қоржынында 80-ге жуық ән, 10-нан астам бейнебаян және бірнеше музыкалық жинақ бар. Олар тыңдармандарына жаңа әндер ұсынып, шығармашылық жұмыстарын жалғастырып келеді. «Жігіттер» тобы қазақ эстрадасында өзіндік орны бар, көпшілік сүйіп тыңдайтын ұжымдардың бірі болып саналады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу