freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Зеленский Ресейдің түнгі шабуылынан төрт адамның қаза тапқанын хабарлады

Әлем
Зеленский Ресейдің түнгі шабуылынан төрт адамның қаза тапқанын хабарлады
aa.com.tr

Ресейдің түнде біздің аймақтарға жасаған жаппай шабуылынан кейін қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Запорожье мен Полтавада қарапайым көпқабатты үйлер зақымданып, өрттер болды, — деді Украина президенті Владимир Зеленский.

Оның айтуынша, жалпы алғанда Украинаның 11 облысында зақым тіркелген.

Төрт адамның қаза тапқаны белгілі болды, деп хабарлады Зеленский. Бұған дейін билік Запорожьеде бір адамның және Полтава мен Полтава облысына жасалған шабуыл кезінде екі адамның қаза тапқанын хабарлаған.

Жалпы алғанда 390-нан астам соққы беруші дрон және әртүрлі типтегі 34 зымыран қолданылды – баллистикалық, қанатты, басқарылатын авиациялық. Бұл сандар Ресейдің соққыларынан адамдардың өмірін қорғауды күшейту қажет екенін анық көрсетеді, — деді Зеленский.

Ресей әскери күштері бұл жаппай шабуылға әзірге түсініктеме берген жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу